«Ақ алтын» көлемі өсіп келеді
Жыл есебінің тағы бір көрсеткіші ретінде зиянкестерімен күресті айтуға болады. Биыл облыс әкімдігі тарапынан ауыл шаруашылығы жеріне залал келтіретін зинкестермен қарсы күрес шаралары бекітіліп, жұмыс кестеге сәйкес жүргізілді. Ал шілдеден бастап мақталы аудандарында көсек құртының көзі жойылды. Яғни, егін алқаптарын өңдеу шарасы сәтті жүрді.
Биылғы жылғы Облыс мәслихатының 3-сессиясында көтерілген бұл мәселе облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың Мақтаарал ауданына барып келуіне себеп болыпты. Ол зиянкестен қаншалықты қауіп туып тұрғанына өзі көз жеткізіп қайтқан.
Шенеуніктің мәлімдеуінше, былтыр 36 мың гектар жер қайта өңделсе, биыл бұл көрсеткіш екі есе артып, 56 мың гектар жеткізілген. Ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлік мекемеге қарасты ғылыми-кеңес орталығын ашуға қаржы бөлініп, бұл бағытта да жұмыстар толық атқарылған. Орталық шаруаларға кәсібін агроталаптарға сәйкес жүргізуге көмек те көрсетілді.
Зиянкестерге қарсы күрес өсімдіктерді қорғау жөнінде былтыр қабылданған бағдарлама бойынша жүзеге асты. Гектарлық субсидия қайта бөлінетін болса, шаруа зиянкестерге қарсы препараттарды өз қаржысына сатып алады.
Жауаптылар осы жүйені қалыпқа келтіру үшін жұмысты тыңғылықты атқарып шықты. Сөйтіп, биыл шығынға бататын шаруаның қатары азайып, өнімділік екі есе артты.
Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды.
Абай-ақпарат