Жексенбі, 24 Қараша 2024
Қарбалас 2826 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 19:58

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА НЕ АЙТЫЛДЫ?

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 11 айда 435 млрд теңге игерілді

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат республикалық деңгейде толық көлемде дерлік игеріледі. Бұл туралы Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысындағы өз баяндамасында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов айтып өтті. 

«Биылғы жылдың 11 айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 435 млрд теңге немесе жылдық көлемнің 92% -ы игерілді. Жыл бойынша республикалық деңгейде орындалу көлемі шамамен 99,9% болады деп күтілуде», - деді қаржы ведомствосының басшысы.

Б. Сұлтановтың айтуынша, жергілікті органдар 215,5 млрд теңгені немесе берілген қаражаттың 94,5%-ын игерген, 12 млрд теңге игерілмеген. Игерілмеген қаражаттың ең көп көлемі Маңғыстау мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Аутсайдерлер қатарында Алматы, Ақмола және Атырау облыстары бар. Жұмыс өндірісі кестесінен кешігу игерілмеудің негізгі себебі болып табылады.

«Мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражат 87,4%-ға немесе 25 млрд теңгеге игерілген. Жыл соңына дейін 13 млрд теңгені игеру керек», - деді спикер.

Еске сала кетейік, бүгін Үкіметтің кезекті отырысында еліміздің 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы шығарылуда.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы экономикалық өсімді нығайту үшін барлық күшті жұмсауды тапсырды

Үкімет отырысын ашу кезінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша оң көрсеткіштер бар екенін атап өтті. Осы уақыт аралығында ЖІӨ 0,8%-ды құраған.

«Қазір барлық резервтерді қолданудамыз. Біз әкімдермен және компаниялардың басшыларымен сөйлестік. Осы жылды 1%-дық өсіммен аяқтай аламыз, сол үшін осы бағытта барлық күшімізді жұмсауымыз керек», - деді Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындысы қарастырылуда.

ҚР ішкі нарығының көмір және жол битумымен қамтылуы толық көлемде іске асырылуда

ҚР Үкіметінің отырысында ішкі нарықтың мұнай химия өнімдерімен қамтылуы және энергетика салалары бойынша ағымдағы жағдай қарастырылды.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев жедел мәліметтер бойынша газ өндірісі  41,9 млрд текше м құрағанын баяндады. 2,4 млн. тонна сұйылтылған газ өндірілген.

Бұдан бөлек, биылғы жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша 475 мың тонна жол битумы өндірілген. Ішкі нарықтың отандық битуммен қамтылуы толық көлемде жүзеге асырылуда.

Жедел мәліметтерге сүйенсек, электр энергиясын өндіру көлемі 84,5 млрд кВт/с, ал көмір өндіру 89,1 млн тоннаны құрады.

Электр энергетикасын тұтынушылардың көмір өнімдерімен қамтылуы (металлургия, өнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғындар, коммуналдық-тұрмыстық сектор) 100% орындалуда.

 

2016 жылы отандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жанар-жағармай жеткізу міндеттемесі толық орындалды

ҚР Үкіметі отырыс барысында ағымдағы жылдың 11 айында Қазақстанның мұнай-газ саласындағы даму нәтижелерін, сондай-ақ ішкі жанар-жағармай нарығындағы ахуалды қарастырды.

ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған кезеңдегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 70,8 млн тоннаны құрағаны туралы мәлімдеді. Ағымдағы жылы мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды қолдау жөніндегі шаралар, сонымен қатар Қашағанның іске қосылуы жылдық мұнай өндіру көлемін 74-тен 75,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мұнай өңдеу көлемі 13,1 млн тоннаны құрады.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қажеттілігі үшін арзандатылған ЖЖМ жеткізу толықтай орындалды. Ағымдағы жылғы 13 желтоқсандағы жағдай бойынша, мұнай базаларындағы қор көлемі: Аи-92/93 жанармайы – 103 мың тоннадан асады, дизельдік отын көлемі - 155 мың тоннадан асады.

ЖЖМ қалдық көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жеткілікті қолайлы қорды құрайды. Жанар-жағармай тапшылығы байқалмайды.

 

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен аймақтарға бюджеттен бөлінген қаржыны уақытылы игеруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында орталық мемлекеттік органдар басшылары мен аймақ әкімдерінің ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есептерін тыңдады.

Премьер-Министр оқылған баяндамалар бойынша экономикада жақсы көрсеткіштер байқалатынын, жыл басымен салыстырғанда барлық өңірлерде оң үдерістер бар екенін атап өтті.

Б. Сағынтаев жыл қорытындысы бойынша ЖІӨ 0,5% деңгейінде жоспарланғаны, бірақ қазір ол 0,8%-ды құрайтынын еске салды.

«Бүгін біз тыңдаған барлық баяндамалар жылды 1%-дық ЖІӨ деңгейінде аяқтауға мүмкіндігіміз бар екенін көрсетеді», - деді Б. Сағынтаев.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5552