Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2528 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:24

Өңірде мал бордақылау да жақсы жолға қойылған

ОҚО бойынша, мал бордақылау да жақсы жолға қойылған. Облыста «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алып, тікелей өз кәсібін ашып, айналысып жатқандар бар. Мәселен, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округінде азаматтарға жеке кәсіпкерлігін ашуға көмектесіп, түсінік жұмыстары жүргізілуде. Ауылдағы  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының ороындалу барысы туралы айта келіп, Боралдай ауылдық округінің әкімі Айтубек Рахымбетов:

- Биыл 3 миллион теңгеге дейін мал бордақылау мақсатында 18 адам несие алып, жұмыс жасап жатыр», дейді .

 

Ауылдық округ аумағында 15 ұлттың өкілі мекен етеді. Ұлтаралық татулық мәселесі оңды шешілген. Ауыл тыныш. 48 отбасы бар бір ғана ауыл тұрғындарынан өзгелері таза ауызсумен қамтылған.  

Боралдай ауылдық округінде 1998 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан «Жел тимес» атты өндірістік кооператив бар. Кооператив төрағасы Гауһарбек Мейірманқұлов оны 20 ағайынды бас біріктіріп құрғандығын айтады. «Негізгі кәсібіміз — егін саласы мен мал шаруашылығы. 500 гектар егістік, тағы осынша жайылымдық жер бар. Техника жеткілікті. Бір отар уақ мал ұстаймыз. Алдағы уақытта мал басын тағы көбейтсек деген жоспарымыз бар. Кооператив мүшелері пай үлестерін алып отырады, ал нақты жұмыс істейтіндер 6 адам. Науқан кезінде уақытша жұмыспен қамтылатындар қатары 15-ке дейін жетеді», — дейді Г.Мейірманқұлов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5562