Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2902 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 14:21

Ауыл тұрғындарының негізгі айналысатын кәсібі — егін және мал шаруашылығы

ОҚО ауылшаруашылығы үшін биылғы жыл жемісті болды. Мәселен, ОҚО, Бәйдібек ауданына қарасты Боралдай ауылында тұрғындарды жұмыспен қамтып, кәсіптері арқылы нәсіптері бұйырып отырған бірнеше нысандар орналасқан. Округте 11580 адам тұрады. 11 елді мекенде 11 мектеп, 10 фельдшерлік-акушерлік тірек халыққа қызмет көрсетеді. Тұрғындардың негізгі айналысатын кәсібі — егін мен мал шаруашылығы. Аталған ауылдық окургте 24 мың гектардың үстінде егістік жер болса, соның 22 мың гектарына бидай, арпа, мақсары секілді егіс егіледі. Биыл бидай жақсы өнім беріп, гектарына 22 центнерден өнім жиналды.

Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы саласының жетістіктері баяндалған бас қосуда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев биылғы жылдың өңір шаруаларына берекелі болғанын атап өтіп, шаруаларға қуанышты хабар ретінде келер жылға 6 млрд. 47 млн. теңге субсидия бөлінгенін жеткізген еді. «Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13 мың га артып, бақша, көкөніс, мақта, картоп және жеміс-жидек дақылдарынан мол өнім жиналды. Өнім көлемін, гектар түсімділігін арттыруға негізінен шаруашылықтардың агротехнологиялық іс-шараларды дұрыс жүргізу мен өндіріске озық технологияларды ендіруге бет бұруының нәтижесінде қол жеткізіп отырғандығымызды мақтана айтуымызға болады. Оның ішінде, терең қопсыту технологиясы, тамшылатып суғару әдісі мен жылыжайлардың көлемі бойынша Республикада көш бастап келеміз», - деді аймақ басшысы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572