Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2179 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 12:34

Ихан ауылында жайқалған бау

ОҚО диқандары үшін биылғы жыл жемісті болды. Әр аудан, ауылдағы шаруашалар жылдағыдан көп өнім жинады.

Биылғы жыл ОҚО, Түркістан қалалық әкімдігіне қарасты Ихан ауылындағы дихандар үшін де берекелі болды.  Рүстем Кәмiлов биыл 64 гектарға алманың «Алматы апортының», 114 гектарға жүзiмнiң «Қызыл тайфун» сұрпын еккен. Алманың 34 гектары тамшылатып ылғалдандырылады. Шаруа қожалығында жұмыс iстейтiн қыз-келiншектер тағы 50 гектар танапқа асханалық жүзiм көшетiн егті.

Жалпы, шаруа қожалығының иесi суармалы алқапты ұлғайтып, бау-жемiс ағаштарын көбейтудi қолға алмақ. Шаруаның көзiн таба бiлетiн диқан былтырдан бастап 0,5 гектар алқапта жылыжай құрылысын жүргiзуде. Ол жер бетiнен 3 метр төменде орналасқан. Қазылған шұңқырдың топырағы тегiс сыртқа шығарылды. Мұндай жылыжайды Рүстем Өзбекстандағы Сурхандария облысынан көрген екен. Тәжiкстанның шекарасына жақын тау қойнауындағы елдi мекен тұрғындары осылайша жылыжайды терең қазып, содан мол өнiм жинап отырған жағдайы бар. Сөйтiп, күнкөрiсiн көкөнiс өсiруден тауып отырған көрiнедi. Өйткенi, қырда үнемi ызғырық жел соғып тұрады. Қазiр бұл шаруашылықтың қожайыны да, бастығы да, агрономы да — Рүстем. Ол осы әдiстi өзiмiзде қолданып көрмек. Өйткенi, төменде орналасқан жылыжайдың қыс мезгiлiнде жылы болатынын айтады. Пештi тек аязды күндерi ғана жағуға мүмкiндiк бередi әрi отынды едәуiр үнемдейдi екен. Сөйтiп, мұнда лимон өсiрмек. Сарыағаштағы әрiптесi, тәжiрибелi бағбан Танабайдан да көп нәрсе үйренгенiн сүйсiне әңгiмеледi. 

Шаруа қожалығының 9 түрлi техникасы мен оған тiркелетiн соқа, дән сепкiш, тырма сияқты құрал-саймандары бар. Атап айтқанда, жер жыртатын, оны өңдейтiн, егiске әзiрлейтiн, 3 доңғалақты және 1 тиегiш тракторға жылдың қай мезгiлi болсын жұмыс табылады. Тiптi, астық жинайтын комбайны, жүк таситын және жеңiл автокөлiктерi де бар. Шаруашылық паркiндегi техника тиiмдi пайдаланылады. Бұл күндерi 20 гектар алқапқа жоңышқа, 40 гектарға бидай, 27 гектарға мақсары өсiруде. Былтыр бидай алқабын 4 рет суарудың нәтижесiнде оның әр гектарынан орта есеппен 50 центнерден өнiм жинап, барлығы 200 тоннадан астам маржан дәндi қамбасына құйып алды. Ал, мақсарының гектар берекелiлiгi 23 центнерден айналыпты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572