Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2300 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 12:30

Рүстем Кәмiловтiң шаруашылық саласындағы ерлігі

ОҚО қарасты шаруашылық есебінің жылдық қортындысын айтқанда, осы салада ерен еңбегімен көзге түсіп жүрген шаруаларды атап өту ләзім. Мәселен, бiр колхоздың тiрлiгiн бiр өзi атқарып жүрген Рүстем Кәмiловтiң әр күнi ерлiкке толы. Ол Түркiстан қаласына қарасты Жаңа Иқан ауылында тұрады. Мұндағылар Рүстем Кәмiловтi «Аскардин ата» шаруа қожалығының төрағасы ретiнде жақсы таниды. Бұл жер «III Интернационал» колхозына қарайтын жайылым едi. Кейiпкерiмiз осы шаруашылықта 37 жыл бойы «Газ-53» маркалы автокөлiгiмен сүт тасыды. Атқармаған жұмысы жоқ. Мамандығы жүргiзушi едi. Одақ ыдырап, өлтiрмейтiн «өкiметтiң» өзi өлген соң, тоқсаныншы жылдардың басында жағдай қиындап кеттi. Тәуелсiздiктiң алғашқы елең-алаңындағы жылдарда көппен бiрге «адасып», әрнәрсенiң басын бiр шалып та көрдi. Колхоз тарап, оның бар малы мен техникасы пай үлесi есебiнде бөлiске түстi. Жалақы мардымсыз, табыс жоқ. Бүйтiп жүре берсе, алдындағы аз ғана малын ада қылатын түрi бар. Әркiм өз күнiн өзi көруге көштi. Бiреулерi саудаға кеттi. Ал, ол ауылда қалды.

— Теледидардан ҚР Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың айтқан сөздерiн ықыласпен тыңдайтынмын, — деп еске алады алпысты алқымдаған Рүстем аға. — Айтқан ұсыныс-пiкiрлерi құлаққа қонады. «Әркiм тер төгiп, еңбек етсiн. Кәсiппен айналысып, табыс тапсын. Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту керек. Жер-жерде фермерлiк шаруашылықтарды көбейту қажет» дейдi. Ең бастысы, өзiңе еркiндiк бердi. Жердi жалға алып, пайдалануға болады. Алғашқы жылдары тiптi салық та алынбады. Шаруа қожалығын жүргiзушiлерге көптеген жеңiлдiктер жасалды. Елбасымыздың осындай жiгерлi сөздерi бойымызға қуат бердi, қанат бiтiрдi. Санамызға серпiлiс әкелдi. Президенттiң қолдауын нақты сезiне түстiк. — Мұны Елбасының бiзге берген батасы ретiнде қабылдадық, — дейдi фермер.

Шопырлықты тастап, жаңа тiршiлiкке бiлек сыбана кiрiстi. Тәуекел етiп, өз күнiн өзi көруге көштi. 70 жылқысын түгел сатып, пұлының бiр тиынын шығармай жайылымдық жердi игеруге жұмсады. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572