Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2478 0 пікір 20 Желтоқсан, 2016 сағат 11:18

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның төтенше және өкілетті елшісін қабылдады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Венгрияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, доктор Андраш Барани мен Венгрияның Алматы қаласындағы бас консулы Ференца Блауманнамен кездесті.

Қос тарапты кездесу барысында ауыл шаруашылығы, көлік-логистика саласының даму қарқыны және облыстың экономикалық мүмкіндіктері турасында сөз қозғалды.

Ауыл шаруашылығы саласында өсім индикаторы басым. Жылыжай бағытын дамытуда облыс елімізде көшбастап тұр, республикадағы жылыжайдың 91 пайызы Оңтүстікке тиесілі. Венгрия мемлекетінің осы салада тәжірибесі мол екендігі белгілі. Сондықтан өңірімізге инвестиция салу арқылы көп жетістікке жетуге болатынын жеткізген облыс басшысы екі ел арасындағы сауда-саттықты арттыра отырып, мәдени байланысты да жандандыру қажеттігін алға тартты.

«Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Иштван Қоңыр Мандоки барлық саналы ғұмырын мажар және күллі түркі халықтарының қандас, туыс жұрттар екендігін дәлелдеуге арнаған ғалым. Ол өз еңбектерінде түркі халықтарының салт-дәстүрін, мәдениетін, ұлттық ділін зерттеп, тың жаңалықтар ашқан. Міне, сол жолды жалғастыра отырып туыстас елдер ретінде бірлесе отырып мәдени іс-шараларды қолға алуымыз керек. Мәселен, келер жылдан бастап бүкіл түркілердің астанасы атанған Түркістан қаласында жоспарланған ауқымды жобаларға мажар халқы да үлес қосуға ниетті» деді облыс әкімі Ж.Түймебаев.

Еліміздің барлық қалаларында болған қонақтар келер жылы Оңтүстікте Венгрияның құрметті консулдығын ашуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде, өңірдің әлеуеті, өсу қарқынын зерделей келгендегі шешімі екенін жеткізді. Сондай-ақ білім саласында тәжірибе алмаса отырып мажар жастарының Оңтүстік Қазақстандағы ЖОО білім алуына мүмкіндіктер қарастырылса деген ойларын да жеткізді.

Айта кетейік, екі ел арасындағы қарым қатынас жыл сайын нығая түсуде. Венгрия мен Қазақстан арасында тауар айналымы 2015 жылдың алғашқы 4 айында 29,3 млн АҚШ долларын құраған. Қазақстан экпортының негізгі компонентері минералды отын, химиялық тыңайтқыш, жабдықтар мен механизмдер болып табылады. Сондай-ақ, қос елдің арасында энергетикалық, парламентаралық, мәдени-гуманитарлық байланыс тығыз орнаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5574