Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3160 0 пікір 17 Желтоқсан, 2016 сағат 11:02

Түркістандықтарға табиғи газ берілді

Халықаралық маңызы бар «Бейнеу-Бозой» магистралды газ құбырының шарапатын көрушілер қатарында түркістандықтардың да саны артып келеді.  Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Соның ішінде көгілдір отынның келуін асыға күткен қала жұртшылығына ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында қуанышты хабар тарады.

Ол – қала тұрғындарын газбен қамтуға бағытталған бірінші кезең бойынша желілік газ құбырлары құрылысының аяқталуы болатын. Жобаны іске қосу үшін Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және «ҚазТрансГаз» АҚ Оңтүстік өндірістік филиалы басшысының орынбасары Е.Юсупалиев түркістандықтарға ыстық лебіздерін жеткізіп, газ құбырын іске қосты.

Құрылысы 2015 жылы басталған жобаға облыстық бюджет есебінен жалпы құны 1 млрд. 120 млн. теңге бөлінген. Қазіргі таңда шаһардағы «Сауран» ықшам ауданына толығымен газ тарату жүйелері жүргізіліп, жеке тұрғын үйлерге газ кіргізу жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша аталған ықшам аудан аумағындағы 7500 абонент табиғи газбен қамтылуы тиіс болса, бүгінгі күнге дейін 500-ге тарта абонентке табиғи газ кіргізілген. Алдағы күндері қалған абоненттерді газдандыру жұмыстары жалғасын таппақ.  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588