Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2505 0 пікір 16 Желтоқсан, 2016 сағат 11:12

ОҚО-да 2 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын тоқыма фабрикасы ашылмақ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалды шетелдік «Сяньян тоқыма корпорациясы» компаниясының өкілдерімен кездесті.

Шетелдік делегаттарды Сяньян қаласының хатшысы және жалпықытайлық ұлт өкілдерінің жиналыс басшысы Лян Юэ бастап келді. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырып, тоқыма кластерінде іске асқан бірқатар жобаларды атап өтті.

Қос тарап кездесу барысында «Оңтүстік» индустриялды аймағында тоқыма фабрикасын ашу бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Алдағы уақытта аталған индустриалды аймақта «Сяньян тоқыма корпорациясы» мен «Хлопкопром Целлюлоза» ЖШС бірлескен тоқыма фабирикасын ашу жоспарлануда. 

Келіссөздер өз деңгейінде жүргізілсе, аталмыш жоба 2017 -2019 жылдар аралағында жүзеге асырылатын болады. Екі кезеңнен тұратын жобаның құны 100 млн АҚШ долларын құрайды. Жоба жүзеге асқанда 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады деп күтілуде. 

Сондай-ақ, шетелдік меймандар өңірге жұмыс сапары барысында «Назар Текстиль», «Бал Текстиль» және «Әлем БТ» секілді кәсіпорындардың және Оңтүстік өңірінің туристік мүмкіндіктерімен танысты.

Айта кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов брифинг өткізген болатын. Онда Тәуелсіздік жылдарында Оңтүстікте жеткен жетістіктер сараланып, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы сөз етілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588