Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер қарастырылды
Облыс әкімінің қатаң тапсырмасымен халық пен билік арасында алтын көпір орнатып үлгерген «Ашық әкімдік» жобасы аясында Шымкент қаласында бірқатар шаруалар атқарылды. Қала әкімдігінің ресми веб сайтында «Ашық әкімдік» жобасы аясында қала әкімі мен тұрғындары арасында болған сұрақ-жауаптар жарияланды. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.
М.Умаров, Әл-Фараби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы былай деп сұрақ қойды: – Қаламызда 177 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен соғыста қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері бар, олар күн санап азайып барады. Олардың көпқабатты үйлерде тұратын 119 ардагерлерге «3-Энергоорталық» АҚ-ы арқылы жылу жүйесіне жеңілдіктер беріліп отыр. Ал, жеке жер үйлерде тұратын 58 Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «ҚазТрансГазАймақ» Ақ-ы арқылы табиғи газдың төлемақысына жеңілдік берілуіне қолдау көрсетсеңіздер.
Жауап: – Қала әкімдігінің негізгі мақсаты тарифты қалыптастыру барысында бірыңғай жүйеге келтіру, яғни тарифтің қалыптастырудағы маңызды талаптарды ескеру. Тарифті бекіту әкімдік құзырына кірмейді, ол орталық атқарушы органдар құзырында. Бүгінгі таңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы ОҚӨФ-ы табиғи газдың тарифінде табиғи газдың бағасына жеңілдік беру қарастырылмаған. «Ұлы Отан соғысындағы» Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Шымкент қаласындағы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы ОҚӨФ-ы соғыс ардагерлеріне құрмет көрсету жөніндегі іс-шараларға белсенді түрде қатысты. Ардагерлерге атаулы материалдық көмек, азық-түлік себеттері, сыйлықтар берілді. Бұдан басқа, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы ОҚӨФ қызметкерлері газ тұтынушы ардагерлердің дербес шоттарына бір күндік жалақыларын аударды. Осылайша, барлық ардагерлер шамамен 700 м3 табиғи газға ақы төлеуден босатылды. Сіздің ұсынысыңыз «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ы басшылығына жолданды. Олар қол ұшын созуға дайын екендерін айтты.
Абай ақпарат