Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2577 0 пікір 14 Желтоқсан, 2016 сағат 13:41

Конкурсқа қатысыңыз

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің аппараты "Ашық әкімдік" жобасы аясында «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік  лауазымдарына  орналасуға  осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялап отыр. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Қажетті маманның бірі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Е-3 санаты, 1 бірлік бойынша. Маманның функционалдық міндеттері: аудан әкімі аппаратындағы іс-қағаздардың уақытылы жүргізілуін, облыс,  қала және аудан  әкімдерінің тапсырмаларының  орындалуын  үйлестіру; бюджеттік қаржыны жоспарлауды және мақсатты жұмсалуын және игерілуін жүзеге асыру; ҚР Бас Прокуратурасының ҚСжАЕАЖК-ның ОҚО бойынша басқармасына№1-ОЛ нысанды «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» есебі бойынша дайындалған мәліметтердің дұрыстығын  қадағалау; аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын заң талаптарына сәйкес дайындау; әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; сайлаушылардың, алқабилердің, кәсіпқой емес медиаторлардың тізімін жасақтауды ұйымдастыру; аудан әкімі аппаратының Регламентін, Ережесін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындауды қамтамасыз ету және бақылау; ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес жұмыстарды  ұйымдастыру. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, мемлекеттік және жергілікті басқару, ауыл шаруашылығы ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары бойынша.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5622