КЕМБРИДЖ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҚАЗАҚ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ КІТАБЫНЫҢ КӨРСЕТІЛІМІ БОЛДЫ
Қараша айының соңында Лондонда V халықаралық “Open Eurasian Literature festival & Book forum” әдебиет фестивалі аясында Оразалы Сабден мен Әбдімәлік Ашировтың “The Conceptual Strategy for Humankind's Survival in the XXI Century and Food Security” кітабының көрсетілімі болды, бұл кітапта авторлар адамзаттың назарын XXI ғасырдағы жаһандық мәселелерге аударып және оларды шешудің бірегей бағдарламасын ұсынады.
Бұл ағылшын ғылыми қоғамында нағыз қолдау тапты. Кітапта Нобель сыйлығының, со-лауреаты, Вашингтон академиясының академигі С. Тимашевтың пікірі берілген. Ұлыбритания кітап баспасының мәліметінде Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Швеция, Нидерланды, Дания, Ұлыбритания және Америка елдерінде сатылуда. Кітап бүкіл әлем бойынша 200-ден астам топ университетерге жіберілді. Ендігі презентация Стокгольм қ., Швеция өтуге жоспарланды.
Кітаптың негізгі идеясы, болжауға келмейтін үшінші мыңжылдықтың аясында: климаттың жаһандық өзгеруі, азық-түлік, судың жетіспеушілігі, теріс экологиялық процестер, әлемдік экономикалық дағдарыс және әскери және саяси қақтығыстар тобыры – бәрі де, адамзаттың болашағы үшін алаңдауға мәжбүр етеді. ХХI ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы және азық-түлік кәуіпсіздігі кітапта постиндустриалды әлемдегі жалпы адамзат цивилизациясының 6 базалық элементке: руханилық, ғылыми-техникалық революция, экономика және әлемдік қауіпсіздік, экология, ғарышты игеруге негізделген планетарлық үйін құру қағидалары әзірленді. О.Сәбден профессор Ә.Ашировпен бірге адамзат өмір сүруіндегі күрделі мәселелердің бірі – әлемде аштыққа душар болған 1,3 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін тәжірибелік тұрғыда шешеді.
Әлемдік тәжірибеде алғаш рет авторлармен азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесінің шешу жолдары мен тәсілдері тереңінен және негізді түрде көрсетілді, атап айтсақ, түрлі дақылдардың шығымдылығын арттыру, ауыл шаруашылығына космогеофизикалық сипаттамалар кешені қолданылған және Күннің, Айдың, Жердің және басқа да Күн жүйесіндегі планеталардың гравитациялық өріс және Күннен периодты түрде бөлінетін электромагнитті өріс өсімдіктерінің биоритмінің, сондай-ақ, өсімдіктер тұқымы биоритмін қосымша жасанды электромагниттік сәулеленуінің еселік жиілігінің жүйелі әсері түсіндірілген. Бұл инновациялық технология сынақтан сәтті өтіп және де жеті (7) мемлекетке енгізілді.
Зерттеу нәтижесі бойынша акт, патент,куәләк және басқа да қажетті құжаттар бар. Радиожүргізуші, психолог Алан Кокс: «профессор Оразалы Сәбденнің ғылыми-зерттеуі барлық діндер мен өмірлік жолдарды құрметтей отырып, біздің өмір сүруімізге негіз болатын рухани деңгейдегі жаһандық бірігудің қажеттілігін көрсетеді». Джозеф Сандерс, MA Cantab, APAM, Dip. RAM.Guildhall School & Goldsmith’s College: «Мен О.Сәбденнің әлемнің өркендеуі үшін кең және жақсы ойластырылған «Ұлы Жібек жолы» тұжырымдамасы шеңберінде Орталық Азия тарихы мен мәдениетінің шығармашылық маңыздылығын танитындығына өте қуаныштымын. Мені оның оптимизмі жігерлендіреді». Орта Азия белгілі ғалымдары әлемнің дамуына жаңа көзқараспен қарап, инновациялық серпін беріп, адамзат өркениетінің даму перспективаларына әлеуметтік-экономикалық талдау жасауға шақырады. Идеясы: әлемнің дамуына барлық халықтың және жеке тұлғаның мүмкіндіктерін толық пайдалану!
Abai.kz