Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 3017 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:51

Көшеге жарықшам орнатылды

Мемлекет басшысы әлемнің дамыған 30 елдердің қатарына кіру мақсатында Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін «100 нақты» қадам Ұлт жоспарын белгілеген болатын. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Осы реформаның 94-ші қадамының аясында республика көлемінде «Ашық үкімет» жобасы енгізілді. Ашық үкімет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтік құқықтық актілер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау. Бес порталдың ішінен төрт портал қазіргі кезде жұмыс істеуде, ал мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау порталы келесі жылдан бастап жұмысын бастайды.

Елбасының тапсырмасына орай ОҚО-да жүзеге асырылып келе жатқан "ашық әкімдік" жобасы аясында тұрғындар басшыларға өз сауалдарын көптеп жолдауда. Сондай сауалдардың бірінде  Қабанбай батыр даңғылы, №13 үйдің төрайымы Ләззат Лесова  №13 үйдің ауласына түнгі жарықшам және үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнатып беруді сұраныпты. Төрайымның өтініші бойынша жұмыс жасаған мамандар аулаға түнгі жарықшам орнатты. Ал  тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама жасалыныпты. Тұрғынның бұл өтініші де жерде қалмайтын көрінеді. 

Мамандар әрбір азамат "Ашық әкімдіктің" қызметін пайдаланып, өз сауалдарын ашық жолдауға болатынын хабарлайды.  

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2075
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4946
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4155