Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2097 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:46

Сайрам ауданы 80 пайыз газбен қамтылмақ

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі есеп беруге міндетті үкіметті қалыптасрыу мақсатында "Ашық әкімдік" жобасы аясында Сайрам ауданының ағымдағы жылдың 9 айындағы экономикалық әлеуеттік дамуының көрсеткіштерін жариялап отыр. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Мәлімет бойынша жыл соңына дейін ауданда халықтың 80пайызы газбен қамтылмақ.  Мұнда халықтың дені шағын және орта бизнеспен айналысады. Ауданда әлеуметтік мәселелер мен инфрақұрылым тарту жұмыстары лайықты деңгейде жүргізілуде. Осы және өзге де мәселелер аудан әкімінің журналистермен өткізген баспасөз кеңесінде айтылды. Сайрам ауданы негізінен - аграрлы аудан. Ежелден ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады. Кеңес одағы ыдырағанда да төл кәсіптерінен ажырамады.

Егін егіп, оны қайта өндеді. Сүт өңдеу жылына 160 мың тоннаға жетті. Мал өсіріп, бордақылады. Ет экспортының жылдық көлемі - 21 мың тонна. Өздері тұтынатын қажеттісінен бөлек, өзге аймақтарға апарып сатады. Ендігі меже - осы етті бұқтырып, өңдеп консерві өнімдерін шығару. Сайрамда ауыз су мәселесі айтарлықтай шешілген.  Жалпы, коммуналдық мәселелер 2020 жылы түбегейлі шешімін табуы керек,-дейді аудан әкімі. 

Сайрамда 3 ауысымдағы мектеп мәселесі де жуық арада жойылады. Балабақша жасындағы бүлдіршіндер мемлекет пен жекеменшік әріптестік нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерімен қамтылған.  Аудан әкімдігінің ендігі жоспары - ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласын бұдан да жоғары деңгейге шығару. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625