Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2715 0 пікір 13 Желтоқсан, 2016 сағат 14:38

Тұрғын-үйге қатысты сауал жолдап, жауап алды

Жариялықты көздейтін, ақпарат алуда кедергілерді жоятын әрі халыққа оңтайлы қызмет көрсетуді алдына мақсат етіп қойған «Ашық әкімдік» жобасы аясында осығай дейін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен тұрғын арасында сұрақ-жауап түріндегі диалог өрбіді. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Онда облыс тұрғына баспана мәселесіне қатысты сауал жолдаған болатын. Оған облыс әкімі нақты мәліметтерді мысалға келтіре отырып, жауап берді. Осылайша, облыс тұрғыны «Ашық әкімдік» жобасы аясында көкейінде жүрген сауалына толыққанды жауап алды.

Сұрақ:Құрметті облыс әкімі! Басында баспанасы жоқ адамдарға пәтер жалдап тұруға көптің қалтасы көтере бермейді. Облысымыздың орталығынан бөлек, облыстық маңызы бар Кентау, Түркістан, Арыс, Сарыағаш, Жетісай, Ленгер, Шардара қалаларында тұрғын үй саласын дамыту мәселесі қандай деңгейде жүргізіліп жатыр?

Жауап: Құрметті Дарын Арғынов! Бүгінгі таңда облысымыздың аудан және қалаларында баспана алу кезегінде тұрған азаматтарды азайту мақсатында көп қабатты үйлерді құрылысы жүргізілуде. 2015 жылы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен облысымызда 69 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлердің жалпы ауданы 159,2 мың ш.м немесе 2947 пәтерді құрайды. Биылғы жылы Кезекте тұрғандар үшін 2357 пәтерді құрайтын 36 үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде: Арыс қаласында 5 қабатты 150 пәтерді құрайтын 2 үй, Кентау қаласында 5 қабатты 60 пәтерлі 1 үй, Шардара қаласында 24 пәтерді құрайтын 1 үй, Жетісай қаласында 36 пәтерлі 1 үй, Шымкент қаласында тоғыз қабатты 31 үй. Шымкент қаласында жыл соңына дейін 2087 отбасына баспанамен қамту жоспарланып отыр. Ал 590 пәтерді құрайтын 32 үйдің құрылысы 2016 жылға өтпелі.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5630