Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2906 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 16:20

Созақта 50 тұрғын үй пайдалануға берілді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Созақ ауданында 50 отбасы жаңадан баспаналы болды. Теріскейліктерге тұрғын үйлерді беру салтанатты шарасына Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.

Облыс әкімі аудан орталығы – Шолаққорған ауылында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында облыстық бюджет есебінен салынған тұрғын үйлердің кілтін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналар мен кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлерге табыстап, жаңа қоныстың құтты шаңыраққа айналуын тіледі.

«Ел үй – елу отбасы – елу жанұя. Осы елу отбасының әрқайсысында 4-5 адамнан бар деп есептесек, бүгін 200-ге жуық созақтық тұрғынның қуанышына ортақтасып отырмыз. Мұндай жағдай өңірімізге «Нұрлы жол», «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан үлкен қаржының арқасында мүмкін болып отыр. Болашақта осындай бағдарламалар арқылы көптеп ақша бөліп, бүгінгідей тұрғын үйлердің салынуына барынша атсалысатын боламыз», - деді Ж.Түймебаев.

Жаңа қоныстардың іргетасы 2015 жылы қалана бастаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, табысталған баспаналар мерейлі мерекедегі үлкен сый болып отыр. Ал тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Ел Құрылыс тобы» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді.

Айта кету керек, бүгінде Созақ ауданында тұрғын үй кезегінде 454 адам тұр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608