Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3341 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 16:18

Кентауда қайта өңдеу зауыты іске қосылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласында пластикалық қалдықтарды қайта өңдейтін жаңа кәсіпорын іске қосылды.

Жаңадан ашылған «Статус Эверест» ЖШС-нің салтанатты шарасына ҚР Инвестиция және даму министрлігі, көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркенов, қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
2014 жылы Кентау қаласындағы индустриалды аймақта құрылысы басталған өндірістік кәсіпорынның сметалық жобасы 100 млн. теңгені құрайды. 
Аталған зауыт пластикалық қатты қалдықтарды қайта өңдеп, кәдеге жарату үшін екінші реттік шикізаттық өнім дайындайды. 
Дайын шикізатты Қазақстан мен Ресей Федерациясының Челябинск, Екатеринбург, Мәскеу, Самара қалаларына экспорттау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда аталған кәсіпорында 25 адам жұмыс істейді.
Сағатына 300-500 келі көлемінде пластикалық қатты қалдықтарды өңдеуге қауқарлы зауытта 1 айда 80-100 тонна қалдықтарды өңдеуді жоспарлап отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1323
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2894
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 977
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 908