Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2452 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:15

Кадр құрамы бақылауға алынады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы инфрақұрылым, мемлекеттік құрылымдар, индустриалды аймақтарды дамытуға көп көңіл бөледі. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Ел экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқаты артқанын қалайды. Халықтың негізгі бөлігі – ауылды жерлерде шоғарланған. Қалаға көшіп келушілер қатары көбейіп келеді. Сонымен қатар, қаладан ауылға көшіп барушылар да жылдан-ыжлға көбейіп барады. Себебі, ауылды жерлерде инфрақұрылым жүйелерін дамып, жалақы көтеріліп келеді. Мысалы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы ауылды жерде жұмыс істеп жүргендер көп. Сонымен қатар, Оңтүстіктен Солтүстікке көшіп барған отбасылар да аз емес. Әрине, мұның бары ауылды жерлерді дамыту үшін жасалған шаруалар.

Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ашық әкімдік» жобасы аясында «Smart Ontustik» бағдарламасы жүзеге асты. Бұл бағдарламасы әлі де толықтай іске қосылған жоқ. Әйтсе де, алдағы уақытта атқарар жұмыстарымен бөлісті. Осыдан бірер ай бұрын облыстық білім басқармасы мен Шымкент қалалық білім бөлімінің мамандары брифинг өткізген болатын. Сонда қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева:

«Алдағы уақытта оқушыларға мектепке смартфон ұстап әкелуге тиым салынады. Мектеп директорлары «Ашық әкімдік» жобасы аясында арнайы конкурспен тағайындалады. Мектеп директорлары жұмысқа алған мұғалімдер жөнінде, оларға қанша сағат берілгені жөнінде есеп береді. Тіпті, мектепке мұғалімдерді «Ашық әкімдік» жобасы аясында құрылған комиссия мүшелері қабылдауы да мүмкін. Бұл жөнінде халыққа есеп беріледі. Облыс әкімінің бастамасымен «Ашық әкімдік» аясында «Smart Ontustik» бағдарламасы іске асуда. Бұл бағдарлама толықтай іске қосылған сәттен бастап, кадр құрамы да бақылауда болады. Мектеп директорлары түрлi сылтаумен адамдарды топырлатып жұмысқа қабылдау мүмкiндiгiнен айырылады. Егер кез-келген адам заңсыздықты байқаса, онда сенім телефоны, сенім жәшігі, онлайн конференциялар арқылы бізге шағымдана алады. Мұның бәрі парақорлықтың алдын-алуға бағытталған», - деген болатын.

Осылайша, Елбасы тапсырмасымен елімізде заңсыздықтарға қарсы шаралар күшейді. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588