Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2667 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:12

Кентау қарқынды дамып келеді

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында құрылған "Ашық әкімдік" жобасы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық аудан, қала әкімдіктері атқарылған жұмыстар, есеп, статистикалық мәлеметтерді қарапайым тұрғындарға қолжетімді ете түсу үшін сайттарға, әлеуметтік желілерге ашық түрде жариялай бастады. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Осы мақсатта Кентау қаласы әкімдігінң ресми сайты шаһардың ағымдағы жылдың жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептерді жариялап отыр.

Мәлімет бойынша қалада жалпы өнімнің көлемі 2016 жылдың 6 ай қорытындысымен 12 млрд. 933,3 млн. теңгеге жетіп, 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 153,8 пайызды құраған. Оның ішінде: өнеркәсіп өнімінің  көлемі– 9684,4 млн. теңгені (105,0%),  ауыл шаруашылық өнімі 482,6 млн. теңгені құрады 103,3%.  Биылғы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша қалалық бюджет кіріс бөлігі жоспардағы 5 573 548,0 мың теңгенің орнына 5 597 161,9  мың теңгеге немесе 100,4 % орындалды.

Жеке табыстың (кірістердің) орындалуы 105,7% орындалып, жоспарлы 414 465,0 мың теңгенің орнына 438 078,9 мың теңге түсті немесе жеке табыстар (кірістер) 23 613,9 мың теңгеге жоспардан артық орындалды. 2015 жылғы осы уақыттағы кезеңмен салыстырғанда қала бюджетінің жеке кірістердің өсу қарқыны 120,6% құрады. Облыстық бюджеттен трансферттер мен субвенцияларға жоспарланған 5 159 083,0 мың теңге толығымен түскен. Ағымдағы жылдың 6 айында қалалық бюджеттің шығыс бөлігі есепті  кезеңдегі қаржыландыру жоспарындағы 5587685,0 мың теңгенің кассалық орындалуы  5441915,1 мың теңге, яғни 97,4% құрады, оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттердің жалпы орындалуы  97,3% болып, жоспарлы 3140472,0 мың теңгенің нақты 3057203,2 мың теңгесі игерілген.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1346
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2921
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 999
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 930