Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4047 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:11

Статистикалық деректер енді қолжетімді

2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 17-бабына сәйкес респонденттер статистикалық байқаулар жүргізу кезінде респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигіне және статистикалық әдіснамаға сәйкес дәйекті алғашқы статистикалық деректерді ұсынуға  міндетті. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан  Республикасының  Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің http:/www.stat.gov.kz сайтында респонденттерге  Статистикалық деректерді электронды түрде қабылдау бөлімінде статистикалық есептерді, оның ішінде «Деректері жоқ» статистикалық нысандарды қоса, электрондық түрде тапсыруға мүмкіндік барын мамандар хабарлайды.

«On-line» тәртібінде электрондық есепті тапсыру үшін, заңды тұлғаның электронды цифрлы қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Электронды цифрлы қолтаңбасын алу “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы  коммерциялық емес АҚ-ның ОҚО бойынша филиалы – “Халыққа қызмет көрсету орталығы” департаментінде  жүзеге асырылады. Оңтүстік Қазақстан облысы Статистика департаментінің ғимаратында “Азаматтарға арналған үкімет ”  мемлекеттік корпорациясы  КЕ АҚ ОҚО бойынша “ХҚКО” департаментінің бөлімшесі бар. Сондай-ақ бүгінде тұрғындар "Ашық үкімет" жобасы негізінде статистикалық деректерді облыс әкімдігінің, сондай-ақ  облыстық Статистика департаментінің ресми сайттарынан кез-келген уақытта көріп, таныса алады. Бұл халық пен билік арасындағы ашық байланысты білдіреді. 

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592