Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2343 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:08

Әкім қысқы маусымға дайындық барысын пысықтады

Апта басында Бәйдібек  ауданының әкімі Бақытбек Танагөзовтің  төрағалығымен  аудан  әкімдігінің  кеңейтілген  мәжілісі өтті. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты  есеп беруге міндетті қоғамды қалыптастыру, мемлекеттік қызмет көрсету түрлерінің сапасын арттыру мен билік пен халықтың арасында алтын көпір орнату үшін жүзеге асырылып жатқан "Ашық әкімдік" жобасы негізінде хабарлап отыр. Халық пен билік өкілдерінің арасында ашық байланыс орнатып отырған мамандар тұрғындармен әлеуметтік желілер арқылы жақындай түсуде. Мәселен "Ашық әкімдік" жобасын фейсбук, инстаграмнан табуға болады. Осы секілді әлеуметтік желілерден әкімдіктің жиналыстарын, жаңалықтарды оқуға және де әрбір тұрғын өз өтінішін, арыз-шағымын, ұсыныс-тілектерін білдіре алады. 

 Мәжіліске қоғамдық ұйым төрағалары, ауыл әкімдері, бөлім басшылыры, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, ішкі  істер органдарының  қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту бойынша бекітілген іс-шара жоспарының орындалу барысы, аудан әкімі орынбасарларының атқарған жұмыстары, ондағы шешімін таппай жүрген өзекті мәселелер, қысқы маусымға дайындық барысы және аудандағы  қылмыстың ахуалы жөнінде талқыланды.  Кеңейтілген мәжілістің  күн тәртібіндегі  мәселелерге аудан басшысы  жеке тоқталып,  тиісті сала басшыларына  атқарылатын жұмыстарға іс-шара түзіп,  жұмыс жүргізуге нақты тапсырмалар берді.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588