Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3262 0 пікір 12 Желтоқсан, 2016 сағат 15:07

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артуда

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласы және "Ашық әкімдік" жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері мен талаптарын ұстану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 

2016 жылдың жарты жылдығында «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру» мақсатты индикаторы  93,2%  құрады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында мемлекеттік органдармен шаралар қабылдануда, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы.

2016 жылы ауыл шаруашылығы, білім, туризм, халықты әлеуметтік қорғау және сәулет салаларындағы 11 қызмет бойынша жаңа регламенттер бекітілді.  Мемлекеттік корпорациямен байланысты 64 қызмет болса, оның 63-ы бойынша регламенттер бекітілді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік органдармен 8 225 832 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 150 878, электронды түрде – 40 106, қағаз түрінде - 8 034848.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 2016 жылғы 16 ақпандағы №35 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау ережесіне сәйкес тұрақты негізде ішкі бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізудің кестесі облыс әкімі аппараты басшысының 2016 жылғы 5 мамырдағы №261 бұйрығымен бекітілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бүгінгі күні атқарылып жатқан жұмыстар, нормативтік құқықтық актілерге ендіріліп жатқан өзгерістер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, электронды үкімет аясындағы жұмыстарды дамыту, қызметтерді мүмкіндігінше портал және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ұсыну бойынша жұмыстар атқарылуда. 

Жалпы, мемлекеттік қызметтер қөрсету сұрақтары облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту жұмыстары ары қарай жалғасатын болады.

Абай ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588