Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2143 0 пікір 10 Желтоқсан, 2016 сағат 16:06

Шымкенттің екі жылдық бюджеті бекітілді

Шымкент қаласының алдағы екі жылдық бюджеті бекіді. Күні кеше өткен кезектен тыс сессия кезінде депутаттар қала қазынасына енген өзгерістерді нақтылады. Бұл туралы «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы хабарлады.

Бюджетке енгізілген өзгерістер бойынша халық қалаулыларын қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова таныстырды. Оның айтуынша, Республикалық және Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттер  қаладағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  мемлекеттік білім беру тапсырмаларын іске асыруға бағытталмақ. Ал, жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы  азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеуге, жылу-энергетикалық жүйенің құрылысына, сонымен қатар сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға жұмсалатын болады. Сонымен қатар, сессия жиынында қала бюджетінің кейбір бюджеттік бағдарламаларында қаралған қаражатттарының үнемделген қаржысын  білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістікке, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына бағыттау жағы айтылған.

Бір айта кетері, халықтың маңдай тері, табан ақысымен құралған бюджеттің ашық әрі жариялы түрде болуы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 94-қадамындағы «Ашық үкімет» жобасында да қарастырылған. Осы тапсырмаға сәйкес жұмыс істей бастаған «Ашық бюджеттер» жобасы бойынша жергілікті атқарушы органдар бюджет туралы мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Кез-келген азамат бюджет туралы мәліметтерді сұратуға, танысуға құқылы. Тіпті азаматтар бюджеттік бағдарламалар бойынша өзінің жеке ой-пікірін де білдіре алады.

Абай ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5568