Сенбі, 23 Қараша 2024
Мәйекті 2876 0 пікір 8 Желтоқсан, 2016 сағат 14:09

Түлкібастың табиғатына қызығушылық танытушылардың қатары артып келеді

Облыстағы аудан, қала әкімдіктері «ашық әкімдік» жобасы аясында халыққа әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты мәліметтердің ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қол жеткізілген жетістіктер туралы ақпараттарды жария етуде. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 Осындай ақпараттарды жариялаған Түлкібас аудандық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ауданда құрылған 2200 ұсақ шаруа қожалықтары біріктіріліп, бүгінде 308-ге ірілендірілген. Жыл басынан бері ауданның таңғажайып табиғатын тамашалауға 10973 саяхатшы келсе, оның 691 шетел азаматтары, 10282 ел азаматтары болып отыр.

2016 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға – 6 518,9 млн. теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 108,5 млн. теңгесі республикалық, 2 775,5 млн. теңгесі жергілікті бюджет есебінен болса, 993,1 млн. теңгесі кәсіпорындардан және халықтың өз қаржысы, 2 641,8 млн. теңгесі қарыз инвестиция есебінен.  Ауданда ауыл шаруашылық саласына басымдық берілгенімен, өнеркәсіпті  дамытуға да ерекше мән берілуде. Жыл басынан бергі 8 айда өнеркәсіп кәсіпорындары – 10 578,0 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,7 пайыз болып отыр. Ауданда 1 - ірі, 6 - орта, 21- кіші және  4 - қосалқы барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеуде. «Үдемелі индустриялды инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін біршама жұмыстар жүргізілді. Жалпы сомасы 900,0 млн. теңгеден асатын 3 жобаны қаржыландыру Индустрияландыру картасына ұсынылған болатын. Оның екеуі облыс тарапынан мақұлданды.

Тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша 15 476,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 102,6 пайызды құрап отыр. Егістік жердің игерілуі  және игерілетін суармалы жер көлемі бойынша берілген  жоспар 100% орындалған.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жуырда аудан әкімі Ә.Тұрғымбековтің төрағалығымен өткен жиында да қаралды. Мәжілісте аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Жабағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндады. Баяндамада ауданның кәсіпкерлік саласының бүгінгі жайы, ашылатын жобалар, индустриялды аймақта жүзеге асатын жобалар қамтылды. Сонымен қатар ауданда туризмді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Мәжілісте аудан әкімі Ә.Тұрғымбековтің аталған салалар бойынша орын алған кемшіліктерді жою, алдын алу мақсатында жоспарлы жұмыс жасау керек екендігін айтты. Сонымен қатар берілген тапсырмаларды орындау, кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жасау қажет деп мәжілісті қортындылады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502