Оңтүстік жеміс жидек өсіруге көңіл бөлуде
Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы мақта мен дәнді дақылдардан гөрі жеміс-жидек, бау бақша өнімдерін өсіруге көңіл бөлуде. Түркия мен Франциядан әкелініп жатқан көшеттер жергілікті алмаларға қарағанда өнімді екі есе көп береді екен. Шаруалар болашақта аласа бойлы жеміс ағаштарының көлемін арттырып, жұртты отандық тәтті алмамен қамтамасыз етеміз деп отыр.
Мәселен биыл ерте көктемде Түркиядан әкеліп отырғызған 250 мың түп көшет жергілікті ауа-райына бейімделіп, тастақта тамыр жая бастаған. Жабайы алманың тамырына пайдаланған жеміс ағашының бұл түрі алманы сабағына емес, негізгі діңгегіне салады екен. Әр түп 70 келіге дейін өнім береді.
Жадыра Жақыпова, «МӨЛДІР» ЖШС директоры:
- Бұл вирусы жоқ таза алмалар. Баяғы алмалар құрттап шіритін. Бұлар құрттамайтын алмалар. Өзі сондай без вирусный дейді ғой. Өнімді екі үш есе артық береді. Суды арнайы скважина қазғанбыз. Осы 115 гектарға жетіп тұр. Суды үнемдеп жатырмыз. Неге бұны егіп жатырмыз. Өйткені бұның өздеріңізге белгілі мақта дақылымен табысын салыстырғанда 30 есеге артық. Бақшамен салыстырғанда оның табысы 10 есеге артық. Жылдан жылға осы саланың қарқынды дамуына баса назар аударудамыз.
Шаруалар 115 гектар жерге осыдан екі жыл бұрын отырғызған алмалар биыл нышан сал бастапты. Бес жылда 100 пайыз өнім береді. Тамшылатып суарылады. Пәкене бойлы алма ағаштарының арасы да жиі отырғызылған. Желге шыдамды, өнімді жинап алу да оңай. Ал, ауыспалы егін жердің құнарын арттырып, табысты еселейді. Бүгінде облыста жалпы жеміс-жидек пен уылжыған жүзімнің көлемі 26 мың гектардан асып жығылған.
Abai.kz