Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2418 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:49

Шардараның шаруашылығы алға басып келеді

Бүгінгі күні Оңтүстік Қазақстан облысында бос жатқан жер мүлдем жоқ деуге болады. Сондықтан күнгейдегі дихандар бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының бос жатқан жерлерін игеруге күш салуда. Ал Оңтүстіктегі игерілетін жердің де, өсірілетін өнімдер де түрлену үстінде. Соның ішінде Шардара ауданы бойынша барлық терімге түсетін жер көлемі 11298 гектар.

Көксу, Ұзыната және Алатау батыр ауылдық округтерінде мақта терімі күшейсе, енді бір шаруа қожалықтары дәнді дақылға көңіл бөлген. Айта кетер жайт, рекордты атанып отырған облыстың кейбір аудандарын шегіртке секілді егіннің басты жауы саналатын жәндіктер мазалағаны да рас. Дихандардың дәрілегеніне қарамай, қарбыз егілген егістіктерді жаулап алған шегірткелер айтарлықтай түсім жасауға да кедергі келтіреді деп күдіктелген еді. Егіс алқаптарын дәрілеу жұмыстарын жүргізу үшін сәуір айында тендер жүргізіліп, қаржы бөлінеді.

Биылғы шаруалардың мазасын алған шегірткелер «Марокко шегірткесі» деп аталады. Олар бес күнде бір жасқа ұлғайып, жиырма бес күнде ұшуға жарайды екен. Мұндай зиянкестерді ұясында жатқан кезде жоймасаң, ұшатын кезде құртамын деу босқа кеткен еңбек пен далаға шашылған қаржы деп есептеуге болады екен. 

Қысқасы, шардаралық шаруаларды шіркей мен шегіртке жаз бойы кезек кезек әбігерге салды деуге болады. Жағдай бұлай жалғаса берсе биыл өнім мөлшері төмендеп кетуі де мүмкін еді. Алайда шаруалар дер кезінде мәселенің алдын алды деуге болады. Соның арқасында биылғы жылы Оңтүстік мол өнім республика жұртшылығын таң қалдырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475