Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2910 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:48

Мақта да, күріш те егетін шаруашылықтың кәсібі дөңгелеп тұр

Шардара ауданына қарасты Ұзын ата ауылындағы «Айткүл Ата Қоныс» қожалығының төрағасы Рахымберді Айтмырзаев үшін осы жыл табысты болды. Ала жаздай төккен тері ақталып, 100 тоннаға жуық мақта, 200 тоннадан астам күріш жинаған. Бұдан бөлек, қауын-қарбызын берісі еліміздің солтүстігіне, арысы Ресейге саудалап, пайдасын көрген.

— Өзім 48 га, ал шағын қожалықтармен бірлесіп 140 га мақта және 35 га күріш ектім. Аса мол пайда көрген жоқпыз. Дегенмен, шығынды өтеді. Тұқым себілген күннен бастап, жинап алғанға дейін қол күші және техниканы қажет ететін мақтаның шығыны шаш-етектен. Сондықтан да болар, диқандар ақ алтынның көлемін азайтып жатыр. Мәселен, орта есеппен алғанда бір гектар мақталыққа 150-200 мың теңге шығын кетеді. Егер шаруаның техникасы болса, аз болса да пайда көруге мүмкіндігі бар. Ал, техникасы жоқтарының жағдайы қиындау. Диқандар әлі де толық аяқтан тұрып кеткен жоқ. Сол себепті, мемлекет тарапынан олар қолдауға мұқтаж, — дейді Рахымберді Айтмырзаев.

Шардара ауданы негізінен кеңес дәуірінен бері еліміздің халық шаруашылығында шешуші маңызы бар дақылдың бірі, күріш өсіретін кеңшарлармен аты шыққан. 1980 жылдан бастап ауданның өнеркәсіп кешенінде тағы бір жетекші сала –мақта өндірісі жедел дами бастады.Қазіргі уақытта Шардара ауданы ауыл шаруашылығы мен өндірісі қатар дамыған нарықтық экономикаға толық бейімделіп меңгерген аймақ. Аудан қазіргі таңда күріштен мол өнім алуды мақсат етіп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475