Сайрам ауданы ауыл шаруашылы өнімдерін өңдеуде нәтижелі еңбек етуде
Қазіргі таңда Сайрам ауданының пайдалануындағы жер көлемі 114761 гектарды құрап отыр. Шикізат экспортына тәуелді Қазақстанның қазіргі экономикасы шағын және орта бизнесті дамытуға аса мүдделі. Осы тұрғыда әсіресе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының Сайрам ауданында іске асырылу барысы қалыпты деңгейде жүруде. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
2016 жылы жалпы ауданның шағын және орта кәсіпкерлігінде тіркелген кәсіп орындар саны 15286-ны құрады. Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында аудан көлеміндегі микрокредиттік ұйымдар арқылы несие берілді. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы 2016 жылдың 5 айында 5 жоба бағдарламаның субсидиялау және кепілдендіру бағыттары бойынша қолдау алды.
Сондай-ақ, Сайрам ауданы облыстық өнеркәсіп өнімінің 2,7% құрайды. Биылғы жылы аудан басшылығы өнеркәсіп өнім көлемін 19,9 млрд.теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.
«Қазіргі таңда өнеркәсіп саласын дамыту 2 бағытта жүргізіліп жатыр, яғни 1-бағыт аудан өнеркәсібінің 76,4% өңдеу өнеркәсібі құрайтындықтан, жаңа кәсіпорындар ашу есебінен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемін арттыру болса, 2-бағыт аудандағы бар резервтерді пайдалану есебінен аудан экономикасын көтеру бойынша керекті жұмыстар жасалынып жатыр. Біздің басты мақсатымыз – өнеркәсіп орындарының санын көбейтіп, Сайрам ауданын ауыл шаруашылығымен бірге индустриясы дамыған аудандардың біріне айналдыру», - дейді Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев.
Аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында 5922,7 млн.теңгенің өнімін өндірген. 2015 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсім 107,1%, НКИ -103,8%. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы тамақ өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың үлесі 63,2%. 2016 жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар табиғи түрде 34489 тонна ұн, өндірген. 103 тонна көкөніс консервілерін, 77 тонна өсімдік майын, 531 тонна сүт өнімдерін өндірген.
Аудан бойынша «Жалал ата», «Aksu Agrofood» ЖШС өсімдік майын өндіру, «Globus plus» ЖШС көкөніс консервілеуі «RIN K» ЖШС, «Асыл ЛТД» ЖШС, «Дихан» ӨК көкөніс консервілеу, ЖК Усманов көкөніс консервілеу ЖК, Рахатов көкөніс консервілеу ЖК, Турдалиев көкөніс консервілеу шаруа қожалықтары ауыл шаруашылыығы өнімдерін өңдеуге айтырлықтай еңбек етіп келеді.
Abai.kz