Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2519 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 17:42

8 миллион тонна астық нарыққа шығарды

Оңтүстіктің биылғы рекорды еліміздің сыртқа шығаратын астық көлемінің артуына да ықпал етуде. Әлемнің 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн. тонна астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды.

«Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі 2015 жылы 3,3 трлн. Теңгені құрады. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда 6 есеге артық. Әлемнің 70-тен аса еліне жыл сайын 5-8 млн. тонна астықты нарыққа шығарып, Қазақстан астық өндіру бойынша ірі мемлекетке айналды. Жылсайын 2,5 млн. тоннаға дейін ұнды экспортқа шығарып, соңғы жылдары әлем бойынша көшбасшы орындардың бірін иемдендік», — дейді мамандар. Ал биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында рекордты өнім жиналғанын ескерсек экспорт көлемі тіпті арта түспек. Ұлан байтақ жеріміз бар дегенмен, оны пайдаланып, игілігімізге жаратпасақ, аграрлы ел атанып, рекордты астық жинап, экспортқа астық шығаруда көшбасшы ел атанбасақ дархан жердің игілігін көрмегеніміз емес пе?! 

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы саласында әр кезеңнің ерешелігіне қарай шешімдер қабылданып отырады. Тиісінше, қазіргі таңда әлемдік тәжірибеде оң нәтижелер көрсетіп отырған әмбебап тетіктерді іске қосу үшін агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жұмыс істеп жатқаны да көңіл қуантады. Мамандардың айтуынша, аталған мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты — нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерінің өндірісін қамтамасыз ету. Сонымен қатар, АӨК субъектілерінің техникалық жарақтандырылуын арттыру үшін алыс шетелден қымбат техника мен жабдықтарды сатып алу үлесін төмендету бойынша шаралар қабылданады және де агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуді жетілдіру шеңберінде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады. Демек ауыл шаруашылығы саласында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475