Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Экономика 4749 0 пікір 7 Желтоқсан, 2016 сағат 00:00

ОТАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕРДІҢ ӨНІМІН ДЕЛДАЛСЫЗ АЛАТЫН БОЛАМЫЗ

Отандық фермерлер мен елдімекендерді қолдау мақсатында елімізде «Agrobiz.kz» атты көпфуционалды ең ірі интернет портал іске қосылмақ. Ол – 190 000 шаруа қожалықтары мен 2500 ауылдық округтің біртұтас дерекқоры.

            Бұл не үшін қажет?

Портал фермерлердің мемлекеттік органдармен, мекеме-ұйымдармен, қаржылық институттармен, ғылыми ортамен, нарықпен (бизнес сектор, тұтынушылар) байланысын жеңілдететін жаңа құрал. Енді қожалықтарды қыстың суығы мен жаздың ыстығында таулы-тасты, жолды-жолсыз, алыс-жақыннан іздемей, кеңседе отырып-ақ оңай табатын болаcыз.

           

Портал қалай жұмыс істейді?

Анықтамалықта барлық фермерлік шаруашылықтың атауы, қожалық иесінің аты-жөні, шаруашылықтың бағыты, өнімі, жер учаскесінің көлемі, мекен-жайы мен орналасқан жері, факс/телефон, е-mail және ең бастысы мобильдік телефон нөмірі жазылады.

            Мобильдік нөмірі не үшін қажет?

Шаруа қожалықтарының дені интернет байланысы жоқ, елдімекеннен алыс жерлерде орналасқан. Алайда олардың бәрінде ұялы байланыс бар. Енді фермер де ақпарат іздемейді, ақпарат фермерді өзі іздеп табады. Себебі порталда SMS-хабарлама тарататын сервистік қызмет бар. Ол көлік шығынын жояды, уақыт пен еңбек шығынын қысқартады, телекоммуникациялық шығынды 90%-ға үнемдейді.Мысалы:

            Әкімшіліктержиналыс туралы, субсидияға, гербицидке өтініш қабылдау мерзімі т.б. кез келген шұғыл шаралар жайлы өз қарамағындағы барлық фермерлерге санаулы минутта, жаппай SMS-хабарлама тарата алады.

            Басқа да тиісті органдар тосын су тасқыны, өрт, зиянкестер шабуылы мен қатерлі карантиндік аурулардың таралу қаупі, салық төлеу мерзімдері сияқты түрлі хабарларды таратуына болады.   Бұл қызметті сайттан «веб-кабинет» ашқан кез келген тұлға пайдаланады. Осы сервис арқылы фермерлердің өз өнімдерін нарыққа жарнамалауға мүмкіндігі болады.Мобильдік телефон нөмірлері жылына 1-2 рет тексеріліп, жаңартылып отырады. Сайтқа енгізілетін әр қожалық туралы ақпаратты фермерлерге алдын ала хабарлап, рұқсатын аламыз. Жәнеәркім тікелейөзі туралы телефон нөмірі және басқа да ақпаратты толығымен сайттан өзгере немесе өшіре алады.

            Порталда «Іздеу» функциясы фермерлерді атауы бойынша, георграфиялық орналасқан жері немесе жерінің көлемі (масштаб) бойынша, шаруашылық бағыты бойынша сұрыптайды:

            «Шаруашылық бағыты» – мысалы, сізге тек қана «қой шаруашылығы» немесе «жеміс өсірушілер» немесе «мал азығын дайындаушылар» керек болса, сол бағытпен айналысатын фермерлердің тізімін табасыз.

            «Жер көлемі»– мысалы, бір компаниялар үлкен техникалар сатады, бір фирмалар шағын ғана тамшылатып суару технологиясын орнатады, басқа бір фирмалар өсімдік, жеміс, дақыл тұқымдарын не агрохимикаттар сатады. Әлдебір инвесторға мыңдаған бас мал жаятын кең алқап керек. Сол кезде фермерлерді «жер көлеміне қарай» іздейсіз.

            «Орналасқан жерін картада көрсету» –біріншіден,өзіңізге қажет, аймақтың ғана (аудан, ауылдық округ) фермерлерімен жұмыс жүргізуге қажет. Екіншіден, порталда «Қашықтықты есептеу» деген функция бар. Егер сіз фермерлік таза өнім (сүт, жұмыртқа, қой, сиыр т.б) сатып алғыңыз келсе, порталды ашып өзіңізге ең жақын жерде орналасқан фермерлерді көре аласыз. Және ол функция сіз тұрған жер мен қожалықтың арасындағы жол шақырымын, көлікпен қанша уақытта жетуге болатынын, қанша жанармай кететінін алдын ала жобамен есептеп береді.

            Кәсіпорындар каталогы - Каталогта отандық және шетелдік коммерциялық кәсіпорындар, мемлекеттік мекеме-ұйымдар, компаниялар мен жеке кәсіпкерлер туралы толық ақпарат бар. Фермерлер өзіне қажетті кәсіпорынды осы порталдан табады. Тасымалдаушы («поставщик» фирмалар, компаниялар) фермерлерге қажетті тауар түрлері мен көрсететін қызметтері туралы тікелей мәлімет беріп, іскерлік байланыс орната алады. Сатып алушы («закупщик» мекемелер, сауда орталықтары, мейрамханалар т.б.) фермерлерге тапсырыс беріп, өнімдерін тікелей сатып алады. Нәтижесінде фермер өз өнімін қымбатқа сатады, ал тұтынушы арзанға алады. Өйткені алыпсатар, делдалдардың жолы кесіледі.

            «Аграрлық ғалымдар анықтамалығы» – ауыл шаруашылығы саласына тікелей немесе жанама қатысы бар 600-ден аса отандық ғалымдар, ғылыми қызметкерлер туралы ең толық база. Мұнда олардың аты-жөні, байланыс координаттары, ғылыми жұмысының тақырыбы мен бағыты, жұмыс орыны, көрсететін қызметтері бар. Бұл – білім мен ғылым және өндірістің интеграциясы үшін қажет. Фермерлер өзінің шаруашылық бағытына қажетті ғалымдар мен ғылыми кеңестерді осы жерден табады

            «Ауылдық округтер анықтамалығы» –еліміздегі ауылдық округтер туралы нақты мәліметтер анықтамалығы. Порталда әр ауылдың «веб-кабинеті» болады. Мұнда облыс/аудан/ауылдық округ, оның территориясы, әкімшілік координаттары, әкімнің аты-жөні беріледі. Сонымен қатар тұрғылықты халық саны мен ауыл шаруашылығы жануарларының (мал, құс) саны көрсетіледі. Бұл мәліметтер көптеген инвесторларды қызықтырады. Мысалы, кейбір ауылдарда мал көп болса сол жерден мал өнімдерін өңдейтін, мал азығын дайындайтын зауыт ашуға әлде өсімдік өнімдерін өңдейтін кәсіпорын ашуға, инвестиция салуға  септігін тигізеді.

            «Тегін жарнама хабарламалар» - Сайтта кез келген адам өз тауарлары мен қызметтерін тегін жарнамалауға болады. Сонымен қатар кез келген фермер порталдың бетінен жеке сайт-парақшаларын ашуға мүмкіндік бар (текст, фото, видео, аудио, реквизиттер енгізу).            Сонымен қатар, сайтта жүздеген дайын аграрлық дайын бизнес жоспарлар, бизнес идеялар, аграрлық резюмелер мен вакансиялар, күнделікті ауыл шаруашылығы жаңалықтары, өтетін шаралар, пайдалы кеңестер, электрондық кітаптар жарияланып тұрады. Одан бөлек ауыл шаруашылығына қатысты заңнамалар, бағдарламалар, салық режимдері, мемлекеттік қаржылық қолдаудың (субсидия, дотация, грант, несие) ереже-талаптары беріледі.

            Семинарлар мен кеңестер - қазіргі кезде фермерлердің интернетпен жұмыс істеу сауаттылығы ойдағыдай емес, десек те мәселеге бүгінгі көзқараспен қарауға болмайды. Болашақта интернет те, ұялы байланыс қызметі де дами береді. Портал жасаушылар кейбір ауыл-аудандарда арнайы семинар сабақтар өткізуді жоспарлауда. Оған қосымша порталда «сайтпен қалай жұмыс істеу керек?» деген роликтер, инструкциялар, барлық сұрақтардың жауаптары бар.

Бұл портал ЮСАИД қоры және мемлекеттің қолдауымен жүзеге асып отыр.

           

Айдос Аманбай, Жобаның жетекшісі

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061