Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3028 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 18:38

«Даян» шаруа қожалығының бананын жейтін күн де алыс емес

 

  •  

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Даян» шаруа қожалығының жұсыс ічтеп келе жатқанына 10 жылдй уақыт болды. «Даян» шаруа қожалығы 2008 жылы қызанақ пен қияр өсіру үшін 8 жылыжай салған.

Алғашында шаруа қожалықтың жұмыстары жақсы жүреді. Алайда соңғы жылдары бәсекелестер көбейіп, көкөністерді өткізу қиынға соққан. Осыдан кейін шаруа қожалықтың жетекшісі лимон өсіруді қолға алыпты. 

«Бірде Өзбекстанға барып, лимонды қалай өсіру керектігін көрдік. Қайтарда бірнеше көшетін алып келіп, өзіміздің жылыжайға отырғыздық. Араға екі жыл салып, ол жемісін бере бастады. Қазір орта есеппен алғанда әр ағаштан 15 мың килограмдай жеміс аламыз. Біздің Қазығұрттың лимондары Шымкент пен Алматыда және Ресей қалаларында өте жақсы өтеді. Оған сұраныс та жыл сайын артып келеді.

Бұл цитрустік жемісті өсіру үшін Таңсықбаевтар (отбасылық кәсіп) түрлі лимон өсіретін тәлімбақтарды аралап, барлығын санап шыққан. «Бұл кәсіптің кірісін де, шығысын да біз жан-жақты ойландық. Басқа жемістер секілді бұған да көп күтім керек. Бірақ бір күні бір ағаштан 135 килограмм лимон теріп алған адамдарды өз көзімізбен көргенде қызығушылығымыз адан сайын оянды. Сөйтіп, отыз күн ойланып, қырық күн толғанып «Мейер» деп аталатын лимон сортын өсіруді қолға алдық», - дейді «Даян» директоры Манатәлі Таңсықбаев.

«Даян» шаруа қожалығы өз дегендеріне жетті. Енді олар өз тәжірибесін өзгелермен бөлісуді жөн көріп отыр. Қазығұрт ауданы кәсіпорын иелерін қабылдау орталығының директоры Асқар Әубәкіров: «Лимон өсіру – керемет бастамалардың бірі. Ол көп ұзамай біздің ауданымыздың брендіне айналары сөзсіз» дейді. Қазығұрт ауданы географиялық орны жағынан өте жақсы жерде орналасқан. Сондықтан жақында бұл жерге тәжірибе ретінде банан ағашының да көшеттерін отырғызып көрді. Шаруа қожалығының директоры алдағы уақыттарда оны бөлек жылыжайға өсіретінін айтты. Себебі лимон мен банан жемістерінің температуралық тәртіптері сәйкес келмейді. Бұйырса «Даян» шаруа қожалығы банан жемісін де өсіріп, сатылымға қояды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443