Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3625 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 17:59

Жылыжай – табыстың тайқазаны

 

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт өңірінде шаруа қожалығын дөңгелетіп отырған диқан Мүсірәлі Арапбаев: «Еңбек еткен адамға мемлекеттің қамқорлығы айқын сезіледі» дейді. 

Ауылда жылыжай салып, қысы-жазы елді көкөніспен қамтамасыз етіп отырған жиқанның тірлігі тиянақты, бағдары бекем. Мүсірәлі қария зейнеткерлікке шықса да, еңбектен қол үзбеген. Ол кісі осыдан 6 жыл бұрын нәпәқасын жерден табуға бел бұуып, жылыжай егуге кірісіті. Алғашында ол 15 соттық алқапқа көкөніс егіп тәуекелге барды.

Шаруаның айтуынша жаз, күз мезгілдерінде өнімдер Астана қаласына 2-3 мәрте жіберіледі екен. Қалғаны Қазғұрт ауданының халқының игілігіне жаратылады. Әр ай сайын ауданда ұйымдастырылатын жәрмеңкеде саудаланады. Мұнда жұмыс істейтін жиырмаға жуық адам қызанақ пен қиярды алмастырып егіп отыруға ерекше назар аударады. Осылай ауыстырып отырғызу топырақ құнарын арттырып, мол өнім алуға мүмкіндік береді екен. Көмір пештерімен жылытылатын жылыжай өнімінің бағасы да қолжетімді. Қыс мезгілінде қияр мен қызанақтың әр келсі 250 теңге шамасында болады екен. Болашақта жылыжай көлемін ұлғайту, жұмысшылар санын арттыру да жоспарланып отыр. жылыжайдан мол табыс табуға болады. Бұл кәсіптің көзін білетін, құпиясына қанық диқанның айтуынша, күтімі жақсы жылыжай табысқа кенелтеді. Мүсірәлі ақсақал былтыр мемлекеттен 1,5 миллион теңге субсидия алған. Қазығұрттың қүнарлы топырағы тірліктің тетігін тапқан қарапайым еңбек адамының ісін ілгерілетіп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452