Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2937 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 14:20

"Ащысайдың" көзі ашылды

Мемлекет басшысы Н.Назарбаетың  «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген тапсырмасына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы «Ашық әкімдік» деп аталатын жаңа форматта жұмыс жасауға көшкелі бері тұрғындар тарапынан басшыларға портал, әлеуметтік желі арқылы өз сауалдарын көптеп жолдауда. Бұл туралы «rgmedia.kz» сайты хабарлайды.

 

Мәселен Сарыағаш ауданының тұрғыны Жүзімдік ауылдық округінің Оңтүстік, Жүзімдік елді мекендеріне ағын су келетін «Ащысай» каналын механикалық тазалаудан өткізуді басшылардан сұраныпты. Салаға жауапты мамандар азаматтың сауалын жауапсыз қалдырмай  дереу іске көшті. Нәтижесінде аталмыш ауылдық округінің Оңтүстік, Жүзімдік елді мекендеріне ағын су келетін «Ащысай» каналын механикалық тазалаудан өткізу жұмыстары жасалынып,  каналдың он екі шақырымы толық тазаланды.

Мамандардың оперативті жұмысына разы болған тұрғындар жаңа жобаның тиімді екенні көз жеткізуде. Айта кетейік, «Ашық әкімдік»  - әкімдік тапарынан қабылданатын шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа барлық мемлекеттік қызметтерді ашық және кедергісіз алуға мүмкіншілік жасап отыр. Сондай-ақ болашақта барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған жүйеге көшпек, яғни электронды қызметтер порталы жұмыс жасап, әкімшілік барьерлер жойылатын болады.  Нәтижесінде қоғам арасында дендеп кеткен сыбайлас жемқорлықтың тыйылуына септігін тигізбек. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413