Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2769 0 пікір 6 Желтоқсан, 2016 сағат 13:54

«Forte Bank» Шымкенттен жаңа ғимарат ашады

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Forte Bank» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Мағжан Әуезовпен кездесті.

Басқосуда тараптар екі жақты әріптестік жайын талқылап, аталған банктың облыс көлемінде атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы уақытта әкімдікпен бірлесе атқаратын шаруалары туралы әңгімелесті.

Өз кезегінде, М.Әуезов аталған банк жетекшілігімен шағын және орта бизнес бойынша несие беру бағдарламасының түзіліп жатқанын баяндаса, Ж.Түймебаев шағын кәсіп түрлері дамып келе жатқан өңірдегі азаматтар үшін бұл  жақсы мүмкіндік екенін айтты.

Айта кету керек, «Forte Bank» акционерлік қоғамы 20 жылдан астам уақыттан бері еліміздегі үздік банктер қатарында банк қызметін ұсынып келеді. Банктің республика бойынша 19 облыстық филиалы, 150 бөлімшесі бар. Таяуда Шымкент қаласында банк филиалының жаңа ғимараты ашылып, халыққа қызмет көрсете бастайды деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің банктегі кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау бағытымен «Forte Bank» АҚ арқылы жалпы кредит сомасы 4 522,2 млн. теңгені құрайтын 39 жобаға қолдау көрсетілген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413