Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
46 - сөз 5893 0 пікір 5 Желтоқсан, 2016 сағат 10:31

ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰНДЫЛЫҚТАР КYРЕСІ ЖYРІП ЖАТЫР

1,5 жылдай шет елде болған соң, өз еліңде не болып жатқанын сырттан бақылап түсіну жеңілірек екен. Алдын да жазғам, зерттеймін деген не социолог, не философқа бүгінгі қоғамдағы жылдам жүріп жатқан өзгерістер - керемет тақырып. Себебі Қазақстанда "құндылықтар күресі" (жаңа термин ұсынам) жүріп жатыр. 

Ол не құндылық (бастылары):

- Ұлттық. Ауылда өскен қазақы жұрт өз келбетін сақтап қалғысы келеді. Өзгелерден де соны күтеді. Сол үшін ашық киінген қызды, сырға таққан жігітті сынайтын, ұяттың сақшылары осы қауым.

- Діни. Советтік атеизмнен соң оған дейін де дінді "өз деңгейінде" ұстанбаған қазақ ақырын Исламға оралып жатыр. Процесс оңай жүріп жатқан жоқ: отбасыларда хиджаб, намазға қатысты ата-ана мен жастар арасында қайшылықтар болып жатыр. Муфтият қазақ халқына Исламды дәстүрлі дін ретінде ұлттық құндылықпен қатар сіңіруге тырысуда. Алайда сақалды радикалдар мен террактілер бұл процесті тежеп жатыр.

- Либералды. Қалада өскен немесе отбасында еркін тәрбиеленген басқа да жастар енді өзгенің айдауына, біреудің шаблонына, рамкасына көнбейді. Өз жолымен, таңдауымен жүргісі келеді. Қоғамдық шектеулерді мойындай бермейді.

P.S. Бұл құндылықтардың кейде өзара қарсы болып қалуы не қабысып кетуі - жас мемлекет үшін "вполне нормально"! Тек ешкімнің ықпалынсыз, өз жолымызбен өзіміздің пайдалы құндылықтарды қалыптастырып алсақ болғаны!

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629