Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3918 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:30

Мақтадан мол өнім жинаған Шардара ауданы

Шардара мақташылары биыл мол өнім жинады. Басқа аудандармен салыстырғанда мұндай жетістікке жету өңір шаруалары үшін үлкен қуаныш болып отыр. Ауданда 12 291,2 гектар алқаптан межеленген 33 309 тоннаның орнына 33 806 тонна шитті мақта жиналды. Аудан диқандары қажырлы еңбектің, агро техникалық талаптарға сай мақтаны күтіп-баптау шараларын өз деңгейінде атқарғанының нәтижесінде жоғары көрсеткішке жетті.

Гектар өнімділігін 27,5 центнерден айналдырған диқандар қауымы осылайша ерен ерліктің үлгісін көрсетіп отыр. Мол өнімге қол жеткізуде Қ.Тұрысбеков, Көксу және Алатау батыр ауылдық округінің мақташылары сүбелі үлестерін қосты. Сондай-ақ, Жаушықұм ауылында тамшылатып суару әдісімен 240 гектарға мақта егіп отырған «Иіржар агро» ЖШС-ы да мол өнім алуға қол жеткізді. Серіктестік диқандары межеленген 960 тонна шитті мақтаның орнына 1224 тонна мақта алып, әр гектардан орташа 51 центнерден өнім жинады. Көксу ауылдық округіндегі «Тоқай» шаруашылығының төрағасы Асан Әділбеков биыл да гектар түсімін арттырып отыр.

Майталман мақташының қарамағындағы 9,5 гектар алқаптың әр гектарынан 61,4 центнер өнім жиналған. Алатау батыр ауылындағы Дүйсен Лесов басшылық жасайтын «Рахымжан» шаруа қожалығы 15 гектар мақталықтан 47 центнерден өнім айналдырды. Жекелеген мақта терімшілер арасында көксулық Дүйсенкүл Серкебайға ілесетін адам болған жоқ. Жиын-терім науқаны басталғалы Д.Серкебай 20 гектар мақталықтың әр гектарынан 61,2 центнерден мақта теріп, қырманға 123 тонна ақ ұлпа жинады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5349