Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3098 0 пікір 4 Желтоқсан, 2016 сағат 16:28

Ордабасы шаруалары жылды жетістікпен аяқтады

Шаруалар үшін төккен тер мен еңбектің жемісі күзде белгілі болады. Жері шұрайлы, азаматтары еңбексүйгіш, ынтымағы мен бірлігі жарасқан Ордабасы өңірі Тәуелсіздігіміздің 25 жылында тұрақты даму жолына түсіп, еліміздің ілгері басуына өзіндік үлесін қосып келеді.

1995 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша барлық ауылшаруашылық құрылымының саны 8275-ті құраса, оның 158-і яғни 1,9 пайызы ғана осы аумақтан болатын. 21 жылда бұл көрсеткіш облыста 72 417-ге жетсе, бүгінде ордабасылықтардың үлесі 5505-ке тұрақтады. Бұл жалпы облыстағы ауылшаруашылық құрылымның 7,6 пайызын құрайды. Жалпы, Ордабасы ауданы биылғы жылды да ауыл шаруашылық өнімдері бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтады деуге негіз бар. Атап айтсақ: «Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егістік алқабы 357 гектарға артып, 54 357 гектарды құраған. Өткен жылмен салыстырғанда мақтаның егістігі - 62 пайызға, бидайдың егістігі - 32 пайызға, картоп - 3,7 пайызға ұлғайған. Ауданда биыл 30 259 тонна бидай, 15 028 тонна мақта, 68 650 тонна көкөніс, 43 500 тонна бақша өнімдері жиналды. Ауылдардың ерекшелігі ескеріліп, өнімділікті арттыру бойынша атқарылған жұмыстың нәтижесінде 5 ауыл шаруашылық өндірістік кооператив құрылды. Ендігі кезекте, ауылдық округтерде МТС ашуды жоспарланып отыр. Бөржар ауылдық округінде интенсивті бау шаруашылығы қолға алынып, «Александровский сад» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 17 гектар жерге жаңа технологиямен тамшылатып суару әдісі арқылы күн өткізбейтін сетка арқылы бау егумен айналысуда. Кәсіпорын 2016 жылдың 30 наурызынан іске қосылып, бүгінгі таңда 30 адамды жұмыспен қамтыды. Ағымдағы жылы ауданда 500 гектар жаңадан жеміс баулары егілді. Оның ішінде, қарқынды бау жобасы 97 гектарға іске асырылды. Төрткөл, Бөген, Жеңіс және Қарақұм ауылдық округтерінде мақта шаруашылығын дамыту, бұл өңірлерде мақта егісін 9000 гектарға жеткізу көзделіп отыр. Осы орайда, суармалы жерлердің жағдайын жақсарту және жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу үшін тағы 187 тік дренаж іске қосылатын болады. Биыл аудан бойынша жылыжайлардың көлемі 7,18 гектарға ұлғайғанын да атап өткен орынды. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354