Оңтүстіктің өнімдерінің сапасы жоғары бағаланды
Жаз, күз мезгілінде базарларда, сауда орындарында самсып тұратын жеміс-жидектердің, көкөністердің түрі ойыншық секілді әд-әдемі, бірақ дәмі мен сапасы күмән тудырады. Өйткені халық бау-бақша өнімдеріне көптеген химиялық заттар қосылатынына хабардар.
Жақында Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілген жеміс-жидектер мен көкөністерді жіті тексерген мамандар, санитарлық дәрігерлер жергілікті өңірдің бау бақша өнімдерін қорқынышсыз пайдалана беруге болатынын айтты. Сарапшы мамандар 100-ден аса қауын, қарбыз, қызанақты тексергенде құрамында ешқандай нитрат анықталмаған. Базар сөрелерінде 10 келілік қарбыз және өзге де қауындардың сорттары тексеруден өткен. Жедел тексеру олардың құрамында ешқандай нитрат жоқ деп көрсеткішті көрсетті. Енді бау- бақша және оңтүстік өңірлерден әкелінетін өнімдерді қорқынышсыз сатып алуға болады. Сапасыз өнімдерден уланып қалудан сақтану үшін түр-түсі күмәнді және жарылған қауындар мен қарбыздарды тұтынуға тыйым салынады.
Деректерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстанда 3800 гектарға жеміс-жидек өсірсе, соның 900 гектары интенсивті технология тәсілін қолданған. Сонымен қатар, облыстағы шаруалар келер жылы тағы да, 1000 гектар жерге интенсивті бау-бақша өсіруді жоспарлап отыр.
Алдағы уақытта Республика халқын жеміс-жидек және жүзім өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өңірде интенсивті бау шаруашылығын дамыту қарқынды жүргізіліп келеді. Осы жылдың өзінде жалпы 4,3 мың га. жеміс-жидек дақылдарын оның шінде 2 мың га интенсивті бау егу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Abai.kz