Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 4670 0 пікір 30 Қараша, 2016 сағат 11:36

Тәуелсіздіктің 25 жылы - есепті кезең

Тәуелсіздік алған 25 жылда бар – жоғын түгендеген Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәжілісін өткізді.

Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайты Елбасы Н.Назарбаев бастамасымен қабылданған "100 нақты қадам" - Ұлт жоспарында тапсырылғандай,  есеп беруге міндетті үкіметті қалыптастыру мақсатында құрылған «Ашық әкімдік» жобасына сай жариялап отыр. Басшының айтуынша аймақ жұртының саны 1991 жылы 83 мың болса, 25 жылда 110 мыңға жеткен. Бюджет көлемін де бұрынғымен салыстыруға келмейді. Азаттықтың ақ таңы атқан алғашқы күндегіден 115 есеге көп.

Қазығұрт – ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы шептегі аграрлы аудан. Астық өндіруден жыл сайын олжалы орынды бермейді. Есепті кезең бойынша ауданда егістік көлемі артып, өнім жылдағыдан мол.  Жалпы өңірлік өнім – 74,2 млрд. теңгеге жетіп, 30,6 есеге өсіп отыр.

Бүгінде Қазығұрттағы 64 елдімекеннің 42-не ауыз су құбыры тартылған. Ал, тұрғындарды көгілдір отынмен қамту ісі 65,6 пайызды құрайды.  Ауданда шағын және орта кәсіп дамып келеді. Соның арқасында 1617 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құрап отыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының шарапаты аймақта анық сезіледі.

Соның арқасында жеті жоба мақұлданып, төртеуі іске асқан. Бюджетті игеру, әлеуметтің әл-ауқатын жақсарту сияқты басты бағыттардан ауданның есебі түгел.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5271