Жұма, 22 Қараша 2024
Әдебиет 6188 0 пікір 29 Қараша, 2016 сағат 19:35

ЕЛБАСЫҒА ЕЛ АҒАЛАРЫНЫҢ АРНАУЫ

Дихан-Баба Әбілев 

Қазақстанның халық жазушысы

Ақ тілегім 
Тарылмасын деміміз,
Бүгілмесін беліміз,  
Шығымды болсын жеріміз, 
Береген болсын кеніміз,
 Беделді болсын төріміз, 
Шырайлы болсын еліміз, 
Есен-сау болып өзіңіз, 
Қарақты болсын көзіңіз, 
Дұғалы болсын сөзіңіз, 
Ал, Нұрсұлтан қарағым, 
Тарихпын деп сеніңіз! 
Әумин! 
Әзілхан Нұршайықов
 Қазақстанның халық жазушысы
 
 

Ақ бата 
Уа, қадірлі, 
Қажырлы, 
Қайратты, 
Айбатты Нұреке! 
Ұзақ жасап, 
Бар болыңыз! 
ТМД-ның ішіндегі нар болыңыз!
 Жарлыларға жар болыңыз! 
Жақсылыққа зор болыңыз! 
Жемқорлыққа тор болыңыз!
 Жарамсаққа сор болыңыз! 
Еңбекші халыққа қамқор болыңыз! 
 Адалдық, Әділдік, Туралығыңызбен; 
Дүбірі жер жарған Тұлпарлығыңызбен; 
Дүние жүзін шарлаған сұңқарлығыңызбен; 
 Тарихтың тар кезінде 
Тәуелсіздік туын көтеріп,
 Қазақ жеріне
 Демократияның алтын қазығын қаққан 
Өрлігіңізбен; 
Аз жылда Астанадай алып қала орнатқан 
Ерлігіңізбен; 
Кемеңгерлігіңізбен;
 Жүйрік ой, Жүйткіген шешендігіңізбен; 
Тағдырмен тартысып, 
Таулардан,  
Теңіздерден асатын 
Тамаша жол салған 
Көсемдігіңізбен; 
Ұрпақтар үнемі шырқайтын, 
Өшпес от секілді, 
Ұлттық ұлы жыр болыңыз, Нұреке! 
Әумин! 
 
Қадыр Мырза Әли 
Қазақстанның халық жазушысы 
 
Елдің сәлемі 
Мақсат пен мақсат, 
Ойы мен ойы межелес, 
Жақсыға жақсы ешқашан қару кеземес. 
Бүгінгі мынау қиындық жайлы айтсам мен, 
Сіз соны көрмей отыр-ау деген сөз емес.  
Бұзуға болмас табиғи тағдыр желісін, 
Биыл мен біраз аралап қайттым Ел ішін. 
Шындықты айту шынымен қиын кезде, 
Өтірік айту одан да қиын мен үшін!
Әдіптеп танып рәсіміңізді гүлдермен, 
Бағзы бір жандар өзгеден бұрын үлгерген. 
Мақтамас едім, Мақтанар едім заманмен, 
Бірақ та бізге ондай заманды кім берген?! 
Далаға қарап алаңдай берем, Алаңдай: 
Баяғы малдан қалыпты-ау босап далам бай. 
Жеткіз деп түгел жолдады сәлем Ел менен, 
Мен сізбен күнде сырласып жүрген адамдай. 
Әртүрлі ойлар, Әртүрлі пікір әр үйде... 
Көреген көңіл алдамшы сөзге ери ме?! 
Марапат, Мадақ, Мақтаудың бәрі – достық та, 
Сынаудың бәрі – дұшпандық емес, әрине! 
Тырнағың келмес жазылмай жатқан жараны, 
Сыйлықтың емес, Абыройы өсті параның! 
Шыдаудай шыдап: «Шүкіршілік!» десе біреулер, 
Кейбіреулердің ашылған әбден араны! 
Тіршілік тірлік өкінішпенен өтпесін! 
Төзімді деген туыстың шығып кетті есі. 
Сізге айтпағанда айтады Ел кімге арызын? 
Сізге айтпағанда айтады кімге өкпесін?!  
Қиыны – қиын! Амал жоқ бірақ көнбеске! 
Қақымыз да жоқ сол қиындықты жеңбеске. 
Сіз деген жандар ақтауға соны тиіс қой, 
Елбасын алдау – халқын да алдау емес пе?!  
Сенгеннен кейін төзбейді неге салмаққа?! 
Бүлдіріп біреу... Ұятқа біреу қалмақ па?! 
Түрмеде жатып шіруге тиіс арсыздар 
Сытылып шығып, Жоғалып жатыр жан-жаққа!
 Сенеміз: Ертең ғажайып қоғам орнайды. 
Жеткенше соған қаншама қазақ сорлайды?! 
Ақындар әсте халықтың сөзін сөйлейді, 
Президентін де қорғайтын тұста қорғайды. 
Аз емес қазір кінәлі менен жазықты. 
Ішмерез жандар ішқұса қылды-ау нәзікті. 
Бір пәле кетсе, Бір пәле келіп орнына, 
Білеміз әсте, Білеміз Сізді қажытты!
 Кей жерде кейде әділін айтар жоқ ұлық, 
Жылайды жандар маңдайы тасқа соғылып. 
Халқыңыз бізге белгілі әбден: Жыртықтың 
Тіксеңіз бірін, Біреуі жатыр сөгіліп!  
Шырылдап жүрсіз, Шырылдап жүрсіз, білемін, 
Шығады бірде, Шықпайды бірде бұл егін...
 Өсетін елдің өзін ұмытып әкімі, 
Кемеңгер болып ойлауға тиіс түлегі. 
Жетеді қыран, Жетеді бізде қаршыға, 
Жетеді бізде қыз-қайың менен нар-шынар. 
Ең үлкен өнер – нан табу емес, - Жан тану, 
Ақылды жандар әлі де болса бар шығар? 
Халықтан тумай туады кімнен алыптар? 
Сенсеңіз егер, сенуге татыр халық бар! 
Бүгінгі менен тарихтағы орын бір емес,
 Болашақ өзі бағасын берер, Анықтар!  
Гүлге бөлер келешек ұрпақ құмайтты, 
Замана бірақ біздерді бұрын мұңайтты. 
Президенттің жүгі қашан да ауыр – білеміз, 
Перзенттік парыз одан жеңіл деп кім айтты?!
adebiportal.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5272