Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3321 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 22:22

Жансейіт Түймебаев далада тоңып тұрған қыздарды көріп, концертті тоқтатып тастады

Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев іс-шарада жаурап тұрған қыздарды көріп, жаны ашып кетті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласындағы жаңа дендросаябақтың лентасын қиды. Демалыс орнының ашылу салтанатына жиналған қатысушылардың күннің суығында жеңіл көйлекпен жаурап тұрған қыздарды назарына алған Түймебаевқа шараны ұйымдастырушылар жақпай қалды.

Кез келген ұлттық киімнің жаздық жəне қыстық түрі болатынын еске салған аймақ басшысы бұл əрекетті асыра сілтеушілік деп, концерттік бағдарламаны тоқтатып тастады.

"Ағайындар-туғандар, кез келген ұлт жазда жаздық, қыста қыстық киіммен шығады. Сіздердің кигендеріңіз жаздық киімдер. Қыздарымыз бүрісіп тұр. Бұндай асыра сілтеу болмасын. Барлықтарыңызға амандық тілеймін", - деген облыс əкімі дендросаябақта ағаш отырғызды.

Айта кетейік, лентасы қиылған дендросаябақтың құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, тура бір жыл ішінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Алайда көпшілік серуендеуге арналған орын қыстың қақаған суығында пайдалануға берілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458