Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 3649 0 пікір 24 Қараша, 2016 сағат 17:04

ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРЖЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛАДЫ

Алматыда жергілікті бюджетті үнемдеу есебінен халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына қаржылық қолдау көрсетіледі, - деп хабарлайды "Алматы ақшамы" басылымы.

Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының ХІX есеп беру-сайлау конференциясы барысында «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, партияның қалалық филиалының төрағасы, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтты.

Ол өзінің сөзінде қала бюджетін оңтайландыру арқасында дәрігерлерге, мұғалімдерге, тәрбиешілерге, әлеуметтік сала қызметкерлеріне, халықтың әлеумет­тік тұрғыдан әлсіз тобына сыйақы беру үшін қаржы бөлінгенін жеткізді. Алматыда 2016 жылы жергілікті бюджеттен 123 млрд. теңге, соның ішінде, жолайрықтарын, құрылыс нысандары мен Универсиаданы оңтайландыру барысында 60 млрд. теңге, МЖС аясындағы әлеуметтік нысандар құрылыстары мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі есебінен 56,5 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алу есебінен 6,5 млрд. теңге үнемделген.

Мемлекет басшысының тікелей тапсыр­масы бойынша Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жергілікті бюджет есебінен Алматы қаласының әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері бір жалақы көлемінде, ал халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы әр адамға 50 мың теңге көле­мінде сыйақы беріледі.

– Өздеріңіз білесіздер, мемлекет бас­шысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандықтар­дың тұрмыстық жағдайын төмендетпеуді, жұмыс орындарын құруды және сақтауды, халықтың табысын ынталандыруды тап­сыр­ды. Елбасының бұл тапсырмалары қалада ойдағыдай жүзеге асуда. Мысалы, жыл басынан бері қарай мемлекеттік және әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақы­лары 30 пайызға артты. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы үшін жергілікті бюджет есебінен жолақы тегін және мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер мен көпбалалы аналар үшін жол жүру билеттері қалпына келтірілді. Көпбалалы және жас отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мемлекеттік балабақ­шалардағы 2 – 5 жас аралығындағы бал­дыр­ғандар үшін қаржы бөлінді. 142 бала­бақша, жеке коттедждер мен өзге нысан­дарда 5 мың орынды миниорталықтар ашылды, – деді Б.Байбек.

Жалпы, сыйақы алатындар саны – 114,3 мың адам, қаржы көлемі – 6,2 млрд. теңге. Отбасының өзге де мүшелерін ескере оты­рып, сыйақы беруге 340 мың алматы­лық қамтылған:

– 1,2-топтағы 23,4 мың мүгедекке берілетін сыйақы көлемі – 1,2 млрд. теңге;

– 4 мыңдай көпбалалы анаға – 199,3 млн. теңге;

– мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 4,9 мың отбасыға – 243,7 млн. теңге;

– ҰОС кезінде аянбай еңбек еткен, ордендер және медальдармен марапат­талған 19,2 мың адамға – 957,6 млн. теңге.

– Елбасының, партия жетек­шісінің алдағы мерекелер қарсаңында халыққа көрсетіп отырған бұл ізгі ниеті мен қамқорлығы барысында тұрмысқа қажет заттарды, азық-түлікті сатып алуға кететін шығындарды жабуға, коммунал­дық төлемдер мен несиелерді өтеуге, жалпы, бірқатар мәселелерді шешуге әбден болады, – деп атап өтті Б.Байбек.

Қала басшысы мегаполис экономи­касында оң динамика қалыптасқанын айтты. 2016 жылдың 9 айы ішінде Алматының ЖӨӨ 2,8 пайызға көбейіп, бірінші жартыжылдықпен салыстырғанда 0,7 пайызға артты. Жыл қорытындысы бойынша, экономика 2 пайызға өседі деп күтілуде. Қалада салық түсімі де біршама артып, 35,3 млрд. теңгеге немесе 114 пайыз­ға жетті (өткен жылдың осы кезеңі­мен салыстырғанда), бұған жеке ұйым­дарда еңбекақы қорының ұлғаюы арқа­сын­да (бірінші жартыжылдықта ғана – 92 млрд. теңге) қол жетті. Салықтың 80 пайызы – ИПН және әлеуметтік салық.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458