МЕН ЕШКІМГЕ АТЫМДЫ АСТАНАҒА БЕРІҢДЕР ДЕП АЙТҚАН ЖОҚПЫН
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент Н. Назарбаев Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия отырысында Парламент депутаттарының Астана атауын өзгерту туралы бастамасына пікір білдірді. «Қай нәрсе болса соған «Нұр» деген сөзді қосады. Ол менің тұлғаммен байланысты болып шығады. Оны мен талай айтқанмын. Анаған да, мынаған да алып келеді де Парламент астананы менің атыммен атау туралы болжам айтыпты. Мен ешкімге ондай ұсыныс айтқан жоқпын», - деген Елбасы Тәуелсіздік жылдарындағы ел жетістіктері жалғыз өзінің еңбегі емес екендігін, сенімді серіктерінің күш біріктіруі нәтижесінде қол жеткізілгенін атап өтті.
«Бұл мәселенің сыртқы бөлігі. Нақты нәтижелермен, мәселенің ішкі бөлігімен айналысу керек», - деген Н. Назарбаев бұл мәселеде салмақты, елге пайдалы шешім қабылданатынын айтты.
Абай-ақпарат