Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4224 0 пікір 21 Қараша, 2016 сағат 07:59

"ТИТАНИК" АПАТҚА ҰШЫРАҒАНДА АМАН ҚАЛҒАН ЖІГІТ

«Титаник» апатқа ұшырағанда, сол кемеде келе жатқан жалғыз жапон азаматы аман қалады.

Кеме мұзтауға соғылғанда шырт ұйқыда жатқан Масабуми Хосононың апыл-ғұпыл киініп, палубаға атып шыққаны сол еді, құтқару құралдарының бәріне жансауғалаған жұрт жайғасып үлгеріпті. Бір қайықта екі орын бос тұрғанын көріп, жандәрмен сонда келіп отырады. Кейін, ақпарат құралдары «жанкешті» жігітті «жапонның бақытты жігіті» деп атап кетеді.

Тағдырдың мына қызығын қарасаңызшы, Европада «бақытты бала» атанған Масабуми Хосононы өз отанында осы қылығы үшін жерден алып, жерге салып, «самурайдың жанкештілікті талап ететін ескі салтын сатып кеткен опасыз, қорқақ. Мұндай арсыздыққа барғанша, кемемен бірге құрдымға кеткені дұрыс еді» деп айыптайды. Абыройынан айырылып, ұяттан жұрдай болған Хосононың өзі өмірінің соңына дейін осы бір ісіне қатты өкініп өткен екен...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588