Жексенбі, 24 Қараша 2024
ШОЛУ 4208 0 пікір 18 Қараша, 2016 сағат 11:52

ЛИТВА РЕСЕЙЛІК АРНАНЫ ЖАПТЫ

LENTA.RU: Сарксян Қарабақта жеңілгенін мойындады

Армения Президенті Әзірбайжанның территориялдық тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді. Алайда Таулы Қарабақ мәселесіне келгенде жергілікті тұрғындардың талап-тілектеріне баса назар аударған жөн екендігін ескертті.

Армения Президенті Баку мен Ереван Таулы Қарабақтағы жанжалды доғару туралы құжаттарды қабылдауға дайын екенін айтты. Қазір даулы аймақта ешкім мойындамаған «Таулы Қарабақ Республикасы» құрылған.

SVOBODA.ORG: Литва Жириновскийдің сөзінен кейін «РТР Планета» арнасын көрсетуге тыйым салды

Литва билігі Владимир Жириновскийдің кезекті былшылынан кейін ел аумағында «РТР Планета» РФ Мемлекеттік телеарнасының хабар таратуына тыйым салды.

Аталған арнадан сөз сөйлеген Дума депутаты Владимир Жириновский АҚШ пен ЕО елдеріне қатысты пікірін айтқан-тын. Жириновскийдің «егер АҚШ Ресей шекарасына әскерін әкелетін болса, ішіндегі экипажымен қоса өртеп жібереміз» деген сөзін Литва билігі теріс қабылдапты.

MK.RU: Ресей енді Гаага сотына мүше емес

Путин Гаага Халықаралық қылмыстық сотына мүшеліктен шығу туралы құжатты қабылдады. 15 қараша күні Гаага трибуналында Қырым оккупациясына қатысты отырыс өткен-тін. Ал 16 қараша күні Владимир Путин Гаага құрамынан шығу туралы құжатты қабылдады. Айта кетейік, Путин бас тартқан Рим статусы 2002 жылы күшіне енген.  Онда  геноцид әм әскери қылмыстарды әшкерелеп, жауапқа тартады.

BBC.COM: Гаага трибуналы Қырым аннекциясын – әскери басқыншылық деп таныды

Гаага соты 2014 жылы Ресей аннекциялап алған Қырым тағдырын талқылады.  Онда Ресей оккупациясы – әскери жанжалдың бастауына себеп болғандығы айтылды. Әскери қақтығыстың орын алуы – Ресейдің Украина билігінің келісімінсіз ел территориясына әскер кіргізуінен басталған деген пікірлер айтылуда. Оны Ресейдің өзі де мойындап, Қырымдағы орыс тілділердің қауіпсіздігін қорғамақ болғандығын айтқан.

Нұргелді Әбдіғаниұлының шолуы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5592