Жексенбі, 24 Қараша 2024
Өзгелер 4653 0 пікір 17 Қараша, 2016 сағат 14:39

ҚАЗАҚСТАН БҰҰ РЕЗОЛЮЦИЯСЫН ҚОЛДАМАДЫ

Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресей аннекциялап алған Қырымның мәселесін талқылады. Дәлірек айтсақ, Қырымдағы адам құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты Ресей билігіне үндеу жолдап, Халықаралық сарапшыларды кіргізуді сұраған резолюция қабылданды. Бұл туралы Өзбекстандық «fergananews.com» порталы хабарлады.

БҰҰ-да Қырымдағы адам құқықтарының бұзылуына Ресей билігін айыптаған құжат дауысқа салынды. АҚШ, Британия, Канада, Түркия бастаған, Еуро одақ аумағындағы 23 елді қосқанда барлығы 73 мемлекеттің өкілі резолюцияны қолдап дауыс берген. Ал Қазақстан, Өзбекстан, Қытай және Иран бұл құжатты қолдамапты.

Қалыс қалып, Қырым мәселесінде нейтралды позицияны ұстанған 76 мемлекеттің ішінде Қырғызстан мен Тәжікстан бар. Аталған жиында Түркіменстан мен Ауғанстан өкілдері дауыс беру рәсіміне қатыспаған.

БҰҰ-ның төрт беттік резолюциясында Қырым аумағындағы адам құқықтарының өрескел бұзылуы, ұлтаралық дискриминацияға жол берілу мәселелері қамтылған. Соның ішінде Қырым татарлары мен украин этникасы өкілдеріне жасалып жатқан қысым туралы баяндалыпты.

Резолюцияда Ресей билігін аталған мәселелерді дереу шешіп, Қырым тұрғындарына қырын қарауды доғаруды талап еткен.

Сондай-ақ, Халықаралық сарапшылар кіргізу мәселелі мен РФ Жоғарғы сотының 2016 жылғы 26 сәуірде шығарған шешімін жою мәселесі көтерілген. Айта кетейік, РФ Жоғарғы соты Қырымдағы «Қырым татарларының Мәжілісін» экстримистік ұйым деп таныған болатын.

Ал БҰҰ-дағы Украина өкілі Владимир Ельченко мәлімдеме жасап, Резолюцияны қолдамаған елдерге өкпесі қара қазандай екенін айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы аяқ асты жасалған референдум нәтижесіне сүйеніп, Ресей билігі Қырымды аннекциялап алған. Бұл кезде БҰҰ Қырымның Ресей құрамына қосылуын заңсыз деп таныған болатын.

БҰҰ Бас Ассамблеясының Қырым мәселесіндегі жиынына 193 мемлекет қатысып, Палистина мен Ватикан бақылаушы миссиясын орындаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5602