Сәрсенбі, 11 Желтоқсан 2024
Билік 6467 1 пікір 17 Наурыз, 2017 сағат 15:21

103 МЕМЛЕКЕТ «ЭКСПО-2017» ПАВИЛЬОНДАРЫНА ЖАЙҒАСЫП ҮЛГЕРДІ

Қазіргі таңда «Астана Эскпо-2017» Халықаралық көрмесіне қатысуға ниет білдірген 115 мемлекеттің 103-і өз павильондарына жайғасып үлгерді. « Әзірге ұйымдастыру тұрығысында қиындықтар туындаған жоқ. Қатысушылар тарапынан өтініштер мен ескертулер түссе, жылдам шешіледі. Кейбір қатысушылар электр қуатын арттыру т.б сияқты техникалық талаптарын білдірді. Халықаралық көрмеге қатысу тәртібі, көрсеткіштер келісім-шарттарда алдын ала бүге-шігесіне дейін жазылған. Ал өз тарапымыздан өзгертуге болатын тұстарды, ескеруге тырысып жатырмыз»,- дейді «Астана Экспо-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатысушылармен жұмыс жөніндегі Департамент директоры Илья ОРАЗАҚОВ.

 Инфрорқұрылымы тартылған көрме өткізетін орындардың құрылысы қазан айында толық аяқталған болатын. Енді, қатысушы әр мемлекет көрменің ішкі мазмұнын тақырыпқа сай жарақтауды қолға ала бастады. Мәселен, ең ірі павиьлондардың бірі көрші Қытай елі қазір қызу жұмыс жүргізіп жатыр. Аспан асты елі Астанада өтетін Халықаралық көрмеге қатысуды растаған алғашқы елдердің бірі. Тараптар арасында 2015 жылы келісімге қол қойылған. ҚХР павильонының аумағы 1053 шаршы метрді құрайды. Ол Малайзия, Үндістен секілді едермен бір ғимаратта орналасқан. Тақырыбы тарих пен болашақты байланыстыратын сияқты. «Болашақ энергиясы, Жасыл жібек жолы» деп аталады. Көрші елдің жаһанық көрмелерге қатысу тәжірибесі мол. Қытай 2010-жылы «Ең жақсы қала, ең жақсы өмір» деген тақырыпта Халықаралық көрмені өзі ұйымдастырған ел. Ал екі жыл бұрын Миланда өткен көрмеде 4590 шаршы метр аумаққа қанатын кең жая жайғасқан еді. Қытай баламалы энергия көздеріне аса мән береді. Мәселен, жел энергиясын өндіру бойынша дүние жүзінде АҚШ-тан кейін екінші орында. Ал гидроэнергия бойынша көш басында. Өйткені озық жел генераторлары мен турбиналарды Goldwind»(6%) , «United power Sinovel» (4,7%), «Mingyang» (2,7%) секілді қытайлық жетекші компаниялар құрастырады. «Қытай үкіметі үшін, «Астана –Экспо 2017» халықаралық көрмесіне атсалысу өте маңызды. Сондықтан үлкен аумақты алып, өз әлеуетімізді көрсетеміз деп отырмыз. Біз жаңа Қытай энергиясының технологиялық жетістіктерін паш етіп, барлық қатысушы елдермен достастық орнатуға мүдделіміз,- деді «Экспо-2017» Қытай ұлттық павильонын құрастыру тобының жетекшісі, Қытай халықаралық сауда палатасының директоры Дже ДЖИЕ. Ал 866 шаршы метр аумақта Австирия елінің азаматтары да қарбалысып жұмыс істеп жатыр. Олардың таңдаған тақырыптары да ерекше, қызық. «With brain, heart, and muscle power» яғни, «Ақыл, жүрек және күш» деп аталды. Павильон үш бөліктен тұрады. Онда үш түрлі іс-әрекеттер жүзе асырылады деп жоспарланған. Бірі жаңа энергия көздерін шығарумен шұғылданып жатса, екінші бөлігінде демалысқа мүмкінідік берілген. Келесі аймақта пікір, ақпарат алмасу процестері жүріп жатады. «Павильон бюджеті 5 млн еуро. Аумағы 900 шаршы метрге жуық. Павильонды жарақтау үшін, 2-3 автриялық компания мен келісім –шарт жасалған. Көрме кезінде мәдени бағдарламаға басымдық беріледі. Келушілерге Австрияның әйгілі классикалық музыкасын тыңдауға мүмкіндік бар», - дейді Австрия мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Герхард САЙЛЕР. Бір атап өтерлігі, «Экспо-2017» халықаралық көрмесі өтетін аумақ Астананың әкімшілік ораталығына жалғасқан жаңа қалашыққа айналып үлгерді. Құрылыс қарқыны көз ілестірмейді. Елордада өтетін Халықаралық көрмеге 85 күн қалды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1650