Сәрсенбі, 21 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3372 0 пікір 7 Наурыз, 2017 сағат 10:20

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияда қаза тапқандар жөнінде түсініктеме берді

Ресейдің қорғаныс министрлігі Сирияда әскери қызметкері Артем Горбуновтың қаза тапқанын растады. Бұл жөнінде "Интерфакс" хабарлайды. Горбунов Пальмира түбінде "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресте оққа ұшқан.

24 жастағы Горбуновтың қазасы жөнінде бірінші Conflict Intelligence Team тәуелсіз зерттеу тобы жазған.

Дүйсенбі күні Сирияда тағы бір ресейлік сарбаздың оққа ұшқаны белгілі болды. Ол - 23 жастағы Иван Слышкин. РБК мәліметі бойынша, ол "Вагнер тобы" деп аталатын тіркелмеген жеке әскери компанияда қызмет еткен.

Бұл ақпаратты қорғаныс министрлігі растамайды, бірақ жоққа да шығармайды. Тек Слышкиннің 2013 жылы запасқа шығарылғанын айтқан.

Ресми мәлімет бойынша, бір жарым жыл ішінде Сириядағы әскери операцияда 30-ға жуық ресейлік әскери қызметкер қаза тапқан.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2759
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4497