Трамп иммиграция бойынша жаңа жарлыққа қол қойды
АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарға алты мұсылман елі азаматтарына уақытша кіруге тыйым салатын жарлыққа қол қойды. Алдын федералды сот осыған ұқсас бірінші жарлықтың күшін жойған.
Ақ үй Трамп 6 наурызда Иран, Сирия, Судан, Ливия, Сомали және Йемен азаматтарына 90 күнге виза беруді тоқтатқанын растады. Аталған алты елдің азаматтарының осыған дейінгі алған визасына тиіспейді. Оны қолдануға болады. Қайта қаралған ереже 16 наурызда күшіне енеді, сонымен бірге босқындарды қабылдау бағдарламасын 120 күнге тоқтатады.
Трамптың 27 қаңтарда жариялаған иммиграция жөніндегі бірінші жарлығында да алты мұсылман елдің және Ирактың азаматтарына 90 күнге виза беруді тоқтатқан. Қайта қаралған, жаңа жарлығында тізімнен Иракты және АҚШ-та үнемі тұратын тұрақты тұрғындарды алып тастаған.
Трамп тыйым елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет дейді. Оны елде діни алауыздық туғызып отыр деп айыптайтындар көп, бірақ Ақ үй мұны жоққа шығарады.
Ақпан айында Сиэтлдегі федералды сот (штат Вашингтон) жергілікті биліктің шағымын қарап, президент жарлығының күшін жойған. Әділет министрлігі апелляциялық шағым берген, бірақ ол да кері қайтарылған.
Abai.kz