ҚЫРҒЫЗСТАН. АЛА-ТОО АЛАҢЫНДА ТАҒЫ ДА МИТИНГ...
Қырғызстанның Жоғарғы кеңесіндегі «Ата Мекен» фракциясының төрағасы, оппозициялық саясаткер Өмірбек Текебаев Бішкектегі «Манас» әуежайында тұтқындалған. Бұл туралы азаттықтың қырғыз қызметі жазады.
Текебаев «алаяқтық жасады, жемқорлықпен айналысты» деп айыпталып, 48 сағатқа қамауға алынған. Оны ұстауға Леонид Маевскийдің көрсетіндісі себеп болған.
Бүгін Текебаевтың жақтастары, «Ата Мекен» фракциясының мүшелері Ала-Тоо алаңында митинг өткізіп жатыр. Митингіге Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева да қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде елдегі саяис күштер жиналып, кеңесуіміз керек деді (видеоны қараңыз).